№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі қаралды

Азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі қаралды

Үкімет отырысының күн тәртібінде азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.
«Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен
1,5 пайызға төмен қалыптасты. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге баға деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, оны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз. Бірінші кезекте нарықта халық тұтынатын тауарлардың қоры жеткілікті болуы қажет. Өткен жылдан бері көкөніс өсіруші шаруашылықтарды алдын-ала 70 пайыз қаржыландырып, форвардтық келісім-шарт жасау тәжірибеге енгізілді. Енгізілген өзгерістерден және жүргізілген тауар интервенциясынан кейін көкөніс бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуы қажет», – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін ішкі саудадағы делдалдық тізбекті қысқарту және сауда үстемесін 15 пайыздан асырмауды ұйымдастыру тапсырылған болатын. Арнайы комиссия әзірлеген алгоритмге сәйкес бағасы өскен өнімдер бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен алынған ақпарат негізінде талдау, мемлекеттік бақылау жүргізу белгіленген. Осы ретте, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне бағаны тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.
Мәжіліс қорытындысымен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда 19 әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарының үздіксіз сатылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік дүкендер қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсыныс беру тапсырылды. Мұнан бөлек, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, белгіленген алгоритмге сәйкес делдалдық тізбекті қысқарту бойынша тиісті жұмыс жүргізуі тиіс.
03 мамыр 2024 ж. 187 0