№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскери қызмет –абыройлы міндет

Әскери қызмет –абыройлы міндет


Әскер – біздің мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, сондай-ақ, зор мәртебе. Әскер қатарына барып келгендердің пікірінше, ол азаматтың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, тәртіпке салатын, Отанына, отбасы мен туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігін арттыратын өмір мектебі. Міне, осы мақсатта «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «QAISAR» партиялық жобасы аясында аграрлы-техникалық колледжінде жастармен кездесу өтті
Жалпы «Qaisar» партиялық жобасының басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы және әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыруды негізге алады. Айтулы шараға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Нұрбол Есенәлиев және аудандық мәслихат депутаты Жандос Әбдімәуленов және "Жалын" бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Мампаев қатысып, жас өрендерге ел басына күн туған шақта туған жерді қорғай білуге баулитын патриоттық әдемі әңгіме өрбітті. Әуелі сөз алған аудандық «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов – " Бауыржан Момышұлының «тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақылы бар. Астарында көп нәрсе жатыр. Сондықтан, өскелең ұрпақты, жігерлі жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық бағытқа тәрбиелеу бүгінгінің басты міндетіне айналды. Өйткені, ел келешегі бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан да, жас өреннің уақытын текке өткізбей түрлі үйірмелерге қатыстырып, рухани түрде дамуын қадағалап отыру маңызды. Оған бала өсіріп отырған әрбіріміз жауаптымыз. Бос уақытын тиімді, елге пайдалы іспен айналысуға жұмсайды. Ұлттың, елдің тыныш¬тығын ойлайды. Көп мәселе осыған байланысты" , – деп қорытындылады.
Сала мамандарының өмірін мысалға алып айтып өткендей, жастардың әскерге баруға ниетті болуы алдымен отбасындағы тәрбиеге, ұстазға, одан қалды қоғамға байланысты. Осы тұста «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ежелгі қағиданы берік ұстансақ, Отанды қорғайтын жастардың қатары қайта көбейетініне сенім мол.
28 маусым 2024 ж. 408 0