№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қытайдағы Кантон жәрмеңкесі

Қытайдағы Кантон жәрмеңкесі

15 сәуірде Қытайда Кантон жәрмеңкесі ашылды. 5 мамырға дейін «Жайлы өмір» ұранымен жалғасады. Көрме 11 495 кәсіпорынды, оның ішінде 29 ел мен аймақтан 262 шетелдік компанияны біріктіреді.
Бес негізгі санат бойынша өнімдерді ұсынатын барлығы 21 көрме аймағы құрылды. Мұнда адамның жайлы өміріне қажетті барлық тауар түрін табуға болады. 1957 жылы құрылған көрме Қытайдың сыртқы саудасының негізгі көрсеткіші болып саналады. Біздің елдегі жәрмеңкелерге бой үйренді. Күзде облыс орталықтары мен Астанада ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Ең қызығы, басшы-қосшылардың қаржысы тапшы, бір айлықтан екіншісіне әрең ілініп жүргендіктен шаруалардан кәусен сұрайды. Ондайды да көз көрді. Кантондағыдай жәрмеңке ұйымдастыру қайда, өзімізде өндіріп, көрсететін тауардың түрі аз. Негізі осы деңгейдегі жәрмеңкелер өзімізде не бар, не жоқ, ішкі нарықты қай елдің өнімімен қамтамасыз етіп отырғанымызды, сыртқа нені экспорттап жатқанымызды анықтаудың бір құралы болар еді...
03 мамыр 2024 ж. 187 0