№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңызды құшақтаған сайын ол ақылды бола түседі

Балаңызды құшақтаған сайын ол ақылды бола түседі


Мүмкіндік туған сайын балаңызды құшақтаңыз. Сонда бала ақылды әрі дені сау бола түседі.

Баланы неғұрлым көп құшақтау керек. Егер бұрыннан құшақтап үйреткен болсаңыз – тамаша, құшақтамасаңыз – тезірек құшақтауды әдетке айналдырыңыз. Бір күні сол құшақ үшін «алғыс» естисіз.

Соңғы зерттеулер бойынша, құшақтау баланың дамуы үшін өте маңызды екені анықталыпты. Зерттеу барысында Огайо шататындағы Ұлттық балалар ауруханасындағы 125 сәбидің жағдайы талданады – арасында шала туғаны бар, күні жетіп туғаны бар.

Нәтиже бойынша баланы жиі құшақтаған сайын мидағы реакция күшті болады екен. Баланың жетілуі жылдамдайды. Яғни, туған балаңызға сүйіспеншілік пен аялы алақанды сездірту тек адамгершілік пен мейірім ғана емес, бұл балаға да керемет пайдалы екен.

Бұл жобаның жетекшісі доктор Натали Мэтрдің айтуынша, қарапайым әрі қалыпты саналатын құшақ баланың миына қатты әсер етеді екен. Құшақтаған кезде окситоцин гормоны бөлінеді – ол ана мен баланың арасындағы сезімталдықты қалыптастыратын гормон.

Құшаққа алынбаған сәби баяу дамиды. Өзіне сенімсіз, айналамен қарым-қатынас орнатуы да қиындайды екен. Яғни, құшақ – жай ғана қимыл-қозғалыс, әрекет емес. Бұл жақсы көргеніңді білдірудің тәсілі. «Сезімталдық гормонын» үдетеді. Баланың психикалық қалпын үйлесімді етеді.

Балаңызды жиі құшақтайсыз ба?

Аударған Шынар Әбілдә
18 шілде 2019 ж. 2 396 0