Ауданның көркеюі – көпшілік қуанышы

Әсіресе, "AMANAT" партиясының "Орталық" бастауыш партия ұйымының төрайымы Алма Мамирова кент көлемінде партияның белсенділік танытуымен тазалық акцияларын ұдайы ұйымдастырып, атаулы іс шараның өз деңгейінде өтуіне ықпал етіп келеді. Бүгінде жоба бойынша орталық алаңда көздің жауын алатын әдемі гүлдер егу жұмыстары ұйымдастырылды.
"Тазалық – жинаған жерде емес, сақталған жерде болады" дегендей, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.