№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Көркем сөздің кестегері

Көркем сөздің кестегері


Қаратау қойнауынан түлеп ұшқан қыран – қазақтың белгілі жазушысы Дүкенбай Досжанның 80 жасқа толу мерейтойы жер-жерде аталып өтуде.

 Соның бірі аудан орталығындағы №163 орта мектепте өтті. Шараны аудандық кітапхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Мира Жиенбаева ашып, жазушының өмірбаянымен таныстырды. Бұдан соң оқушылар жазушының өмір жолын әңгімеледі. Жерлес ақындар Адырбек Сопыбеков пен Файзулла Сахиевтің жазушыға арнаған өлең жолдарын оқыды.

«Жырлайтын уақыт келді ерлігіңді, Өзің де биігіңді көр бүгінгі. Ұлы деп жүргендердің ешбірінен, Тұрмын мен байқай алмай кемдігіңді», деп ақын Тұманбай Молдағалиев жырға қосқандай, Дүкенбай Досжан қазақты қараңғы деп үкім шығарған кешегі кеңестік кер заманның өзінде «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы» шығармалары арқылы тарихи және осы күнгі өзекті тақырыпты қозғады. Сол еңбегіне қарай, жазушының оқырмандары тұрақты, әрі көп. Сондықтан Дүкенбай Досжан – Қазақстандағы оқырманы қисапсыз жазушы атанды.

Сыпа да сырбаз, эстет, біртоға, бағалап-бағамдайтын қабілеті ерек дарын иесіне арналған «Құдіретті қалам иесі» атты кітап көрмесімен кітапханашы Жұлдыз Ибраимова таныстырды. Оқушылар көрме барысында жазушыға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Одан әрі Дүкенбай Досжанның туылғанына 80 жыл толуына орай «Көркем сөздің кестегері» атты кітап көрмесі аудандық кітапханада жасақталды. Көрмені кітапханашы Замира Садықова таныстырды.

Қазақ сөз өнерінің ірі өкілі болған Дүкенбай Досжанның еңбекқор, қарапайым, аяулы бейнесі ел есінде сақталады. Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған үздік шығарамалары оқырмандарымен жасай бермек.

Әсел ИБРАГИМОВ









А
27 қыркүйек 2022 ж. 1 211 0