№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАСТАР ТЕЛЕАРНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ЖАСТАР ТЕЛЕАРНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


Қазақстанда жастарға арналған Jastar1 телеарнасы қосылады. Бұл туралы «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Наурыз айында елімізде Jastar 1 жаңа телеарнаның тұсауы кесілмек. Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек. Телеарнаның негізін қалаушы – тәжірибелі медиаменеджер Ілияс Башарұлы Ысқақов. Кезінде «Қазақстан» Ұлттық арнасының ең сапалы жобаларын іске қосқан ағамыз. Енді бар күшін аталған арнаға салмақ», - деп жазды ол.
Ол оқырман қауымды жаңа жылда жаңа телеарнаны көруге шақырды.
«Байтақ-Болашақ» альянсы да телеарнаның ашылуына өз үлесін қосты. Тәуелсіздік кезіндегі жеке азаматтардың үлесімен ашылып отырған бірінші қазақ телеарнасы! Сонымен, жаңа жылда жаңа арнаны көріңіздер!» - деп жазды ол.
24 наурыз 2018 ж. 1 724 0