№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл

Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл

Бүгін Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қолдауымен «Жасампаз жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменТәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында « ZOOM» платформасымен мерекелік шара өткізілді.
Шараға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ұрпақтан ұрпаққа » қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы  Әзия Қыстаубаева, «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттары Мажит Балқожаев, Жасұлан Амалбеков, Сермахан Оразгелдив, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ақерке Сақтағанова және осы бөлімнің басшысы мен қызметкерлері және түрлі санаттағы қарттар мен жастар қатысты.
Шараны ашып берген Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Аягөз Нұржанқызы:   «Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Өйткені тәуелсіздік жоқ жерде еркін даму мүмкін емес. Бүгінде әлемге ықпал жүргізіп отырған озық елдер осы дәрежеге Тәуелсіздіктің арқасында жеткені белгілі. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың басты парызымыз» дей келе, қатысушыларға бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мерекелерімен құттықтады.
Келесі сөз кезегін алған  «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттарыМажит Балқожаев Байқожаұлы  мен Тилеубергенова Асемкул Манапқызы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламалар бойынша биылғы жылы қол жеткізен жетістіктерді көпшілік назарына ұсына отырып, бөлім тарапынан атқарылып жатқан тың идеяларды қолдайтындықтарын да тілге тиек етті. Сондай – ақ аудандық әйелдер кеңесініңтөрайымы Азия Қыстаубаева апамызда еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздігімізді қадірлеу керектігі жайлы сөз қозғады.  Шара соңынанқатысушылар атынан Келінтөбе, Қыраш, Сунақата елдімекендеріндегі түрлі  санаттағы қарттарымыз  өз пікірлері мен алғыстарын білдірді.

Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалы фракциясының жетекшісі,
аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры
15 желтоқсан 2021 ж. 491 0