Жақсылықты жанына серік еткен
Өмірден өткен кімді болсын еске алғанда елге жасаған жақсылығы еске оралады. Кешегі дүниеден өткен Батырбек Ысқақовтың көптің көңіл төрінен орын алуында да осындай мән жатыр.
Өткен жылы ажал құрығын ала келген коронавирус ауруы ауданда талай ел құрметінің биігінде жүрген айтулы азаматтарымызды алып кетті. Қатар жүріп сыйлас, қимас дос болған Батырбектің бейнесі бүгінгі қоғам жайлы орнықты пікірлерімен қашанда көптің көңілін шуақтандыратын зергерлі сөзі талайлардың есінде болар. Қандай орта болса да тура сөйлеу Батырбектің басты ұстанымы еді.
Батырбек Есқожаұлы 1950 жылы 16 қаңтарда Қожакент елді мекенінде қарапайым отбасында туды. Осы елді мекендегі №168 орта мектепті бітіріп, 1966 жылы Алматы қаласындағы зоотехникалық факультетіне түсіп, оны 1971 жылы бітіріп шыққан. Алғаш еңбек жолын Жаңақорған ауданындағы «Талап» кеңшарында №2 бөлімшесінде зоотехник болып бастаған. Еңбекке адал өз ісіне аса жауаптылықпен қарайтын Батырбек аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде аға зоотехник, 1974 жылы қыркүйек айынан бастап «Түркістан» қой шаруашылығында бас зоотехник болып еңбек еткен. Берілген қызметке жауаптылықпен тиянақты еңбек ете білген жас маманды аудан басшылығы аудандық экономикалық жоспарлау комиссиясының төрағасы, 1981 жылы Келінтөбе күріш совхозына директорлық қызметке жіберген. Батырбек басшылық еткен жылдары Келінтөбе совхозы мемлекеттік жоспарын артығымен орындады. 1986-1992 жылдары Төменарық қой шаруашылығы совхозында директор болып қызмет еткен. Аудандық партия комитеті Батырбекті аудандық ауылшаруашылығы басқарма
төрағасы, аудан әкімінің орынбасары қызметтеріне жоғарылатып, сенім білдірді. 1996 жылы комхоз мекемесі басшылығында, 1998-2013 жылдары аудан әкімінде кадр бөлім басшысы, төтенше жағдайлар жөніндегі инспектор қызметін абыроймен атқарды. Дүниеге қызықпады, сыйластықты жоғары ұстап, досқа адал, көпке қолынан келгенше қамқор болу Батырбектің басты қағидасы еді, осы мінезімен елге қадірлі болды. Бірде Батырбек: – Менің қызметтерде адал болуым әке тәрбиесі. Әкемнің «шырағым қолымда билік бар деп қорқаулыққа салынба, оның түбі жақсылыққа апармайды» деген сөзі менің еңбек жолымда үнемі есімде болды.
Бірде балдарым «әке бар ірі қызметте болдыңыз, оңды үйіңіз, астыңа мінер көлігіңіз жоқ» дегенді айтып қалды мен оларға мені ел силайды төрін ұсынады, осы байлық қанағат дедім” деп әңгімелеп беріп еді.
Батырбекпен жолдасы Қаныгүл екеуінен 4 ұл 1 қыз дүниеге келіп ержетті. Соларды оқытты, үйлендірді, бәрі де жоғары білімді түрлі салада абыройлы еңбек етуде. Олардан 19 немере көріп дүниеден өтті. Ұрпағы әке өсиетімен ұлағат жолын жалғастыруда.
Қоғам шын сеніммен қарайтын, басқаға қолынан және тілінен зиян келмейтін адам көптің көңіл төрінен орын алады десек, міне ол осы Батекеңнің өткен өмір жолы. Қытайдың атақты философы «Егер өлгендер тірілердің жүрегінен орын ала алмаған болса шынымен-ақ өлгені» деген екен. Силас достары жүрегінде Батырбек есімі ұмытылмақ емес. Осы азаматқа кент орталығынан бір көше берілсе ауданның Құрметті азаматына лайықты құрмет болар еді. Батырбектің өмір жолы кейінгі жастарға өнеге боларлық. Міне, Батырбектің дүниеден өткеніне де жыл толыпты. Жақсылықты жанына серік еткен асыл азамат бүгінде жоқ ортамызда, өкінішті.
Алмас БЕКЖІГІТОВ,
ауданның Құрметті азаматы.