«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » СУҒА КЕТКЕНДІ НЕГЕ ШАҚЫРМАЙДЫ?

СУҒА КЕТКЕНДІ НЕГЕ ШАҚЫРМАЙДЫ?

Қазақ суды аса құрметтеген. «Сулы жер – нулы жер» дегенді тек айтпаған. Жаңбыр жаумағанда мал сойып тасаттық беру де алдымен Аллаһқа жалбарыну болса, онан соң суды құрметтеу, сумен ғана молшылық болатынын ардақтау бар. Сондықтан қазақ баласын суға түкірткізбейді, кіш еткізбейді. Үлкендері қол жуғандағы суын орамалмен сүртсе де, сілкіп кептірмейді. Қолдағы суды сілку- қазақ үшін асқандыққа, елге кесір әкелетіннің алдына жатады.

Қазақта суға көбінесе қыз-келіншек барады. Кейде терең сайдан суды зорға жеткізетіндердің көп кешігуі мүмкін. Кейбірі «отқа келген әйелдің он ауыз сөзі бар» деп әйел затына тән сөз құмарлықпен кешігеді. Кейбірі атастырғанымен оңашада әңгімелесемін деп кешігеді. Бірақ осындайда да кешікеннің не шешесі, не енесі дауыстап шақырмай, тез қайт дейтінді биіктен бойын көрсету арқылы білдіреді. Ренжігенін білдіру үшін жұдырығын түйіп, кешіккенге көрсетед
24 мамыр 2021 ж. 744 0