№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Тәуелсіздіктің 30жылдығына – 30экспонат»

«Тәуелсіздіктің 30жылдығына – 30экспонат»


Соңғы кездері еліміздің мәдени және рухани саласында болып жатқан толайым жетістіктер Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығының мемлекеттің шын мәнінде кемеліне келген тағылымды кезеңі екенін аңғартты. 
Осы орайда Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану  музейі  «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – құнды 30 экспонат»  тақырыбында  ұйымдастырған еді. Мақсаты –тарихи мекенді бұқаралық қорындағы жәдігерлер мен байытуды көздейтін шараға музейге  сыйтарту акциясын  өткізді.
Музейге жиналған заттар – халықтың өмірінің айнасы. Музей қорын толықтыруға бағытталған бұл дәстүрлі шара жыл басынан бері жалғасып келеді. Ол биыл Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, жерлес Жандарбек Мәлібеков аға­мыздың  өз қолымен Елтаңбаны музейге тапсыруымен басталды.  Сондай-ақ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Жанкелді ОйшыұлыЫсқақтың  бастамасымен басылып шыққан «Адырбек» атты кітабы,  ауданның ішкі саясат бөлімі сыйға тартқан кі мәрте Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаевтың күріштен салын­ған портретін мұражай құжаттарына алды.
Бұл ауқымды шараны ең алдымен аға буын өкілдері, біздің қадірменді ардагерлеріміз қолдады.
Орта ғасырларда осы өңірді жау шапқыншылығынан қорғаған Төлекқожа батырдың қаруы араға үш ғасыр салып туған жерге қайта оралды.
Сыр бойындағы Аққорған, Өз­гент  қалаларын жоңғарлардан қор­ғаған Қылышқожаұлы Төлек қожа батырдың ұстаған қылышын (1716-1798жж)  араға үш ғасыр салып ұрпақтарының атынан Тұр­сынқожаұлы Мадиярхан  ағамыз музейге сыйға  тартты.
Пақырдинқызы Гүлзинаттың Тө­лек­қожа батырдың салған түпнұсқа суретінен – Қазақстан суретшілер және қолөнершілер одағының мүшесі Ұлмекен Мауытова әпкеміз осы Қылышқожаұлы Төлекқожа батырдың майлы бояумен салынған суретін және өз қолымен ойылып тігілген  кесте-портретті  музей қорына өткізді.
Ауданның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген, тыл ардагері Ибаділла Байғожин атамыз бүгінгі акциямызға қатысып, өз үлесін қосты.
Акция барысында халқымыздың мәдениетіне еңбегі сіңген әнші-сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің ұлы Әбсұлтан да белсенділік танытып, сазгердің мәдениет майталмандарымен  1980жылдары  түскен суреттерін және сол жылдары өткен айтыс бағдарламаларын музей қорына тапсырды. Сондай-ақ, аудан тұрғыны Исаев Асқар өз отбасы үшін қымбат,әкесінен қалған жәдігер 1934 жылғы Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиімен жазылған  кітабын. Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қаныбек Әбдуов өзінің құжат, алғыс хаттарын, кітаптарын ұсынса, ауданның ауған ардагерлері Кеңесінің төра­ғасы Қуаныш Әбілакимов ауған ардагерлері жайлы «Борыш» кітабын ұсынды. Акция жыл соңына дейін жалғасады.
Мө,лдір Дюсенбаева,
музейдің ғылыми қызметкер
23 мамыр 2021 ж. 701 0