№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МУЗЕЙ МЕРЕКЕСІНІҢ МӘНІ БИІК

МУЗЕЙ МЕРЕКЕСІНІҢ МӘНІ БИІК

 
Халықаралық музейлер күніне «Музейге сый тарту» акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты – аудан көлеміндегі ел арасында елеусіз жатқан тарихи-мәдени құнды жәдігерлерімізді жинақтап, оны сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау.
Акция барысында келушілерге «Сақ дәуірінен жеткен мұралар» Жаңақорған обалы қорымынан табылған алтыннан жасалған киімінің әшекей бөлшектерінен жылжымалы көрме, «Жаңақорған музейіне сый» музейге жыл басынан келіп түскен жәдігерлерден жылжымалы көрме, «Ағаштан түйін түйген - Мұрат» атты қолөнер шебері Мұрат Жәрімбетовтың ағаш бұйымдарынан көрме, «Қылқалам сыр шертеді» тақырыбында Ұлмекен Мауытованың шәкірттерінің сурет көрмелері ұйымдастырылып қойылды.

Сондай-ақ, №169 орта мектебінің «Жас өлкетанушы» үйірмесінің жетекшісі Сабырханов Жасұланның оқушылары: Алтынбек Анель «Сығанақ қаласы», Мұхаммеджан Шұғыла «Хорасан Ата», Ғазизов Дінислам «Айқожа Ишан», Толыбайұлы Еркебұлан «Ақтас мешіті» атты қорғаған ғылыми – зерттеу жұмыстарын оқыды.
№ 163 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұстафа Мұхамеджан Жүсіп Қыдыровтың «Музей», «Ассалаумағалейкум, қорғандар» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің оқушылары Оразхан Сандуғаш, Әбдәшімқызы Бақнұр Нұртуғанның терме, толғауларын орындады. 
Акцияға барлығы 167 дана жәдігер түсті, 
музейге жанашырлық танытып, тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген: Еңбек ардагері Алпамыс Жусипов әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Кенже Жүсиповтың киген киімі, орден-медальдары, құжаттарын, Аудан тұрғыны Жомарт Тұрсынбаев – әкесі, тыл ардагері, бұрыңғы аудандық рабкооптың қызметкері Ибадулла Тұрсынбаевтың құжат суреттерін, озат шопан Шырын Салмырзаева – өзінің құжат-суреттерін, мәдениет майталманы Жақсыгүл Бегманова – жазу машинкасын, сахнада киген ұлттық киімдерін, Ахметова Ажар - жез пәтінісін, № 163 орта мектебінің оқытушысы Шерова Несіпкүл –жыршы, термеші Әбужүсіп Баймұратовтың суретін, өлеңі шыққан кітабын әкеліп өткізді
Ағаш шебері Мұрат Жәрімбетов өзінің ағаштан жасалған жаңа туындысы «Көш» композициясын музейге сый тартты. Қолөнер шебері Ұлмекен Мауытова өзінің киізден жасалған «Қорқыт» композициясын ұсынды.
Ақын Анарбай Мырзахметовтың жарыққа шықпаған өлеңдерінің машинкаға басылған нұсқасын ақынның жары әкеп, өткізсе, музей қызметкері Таждинов Бағдәулет әкесінің 1950 жылдарға жататын су тасуға арналған бөшке- ыдысын әкеп өткізді.
Музейде сақталған әрбір зат өлкеміздің өткен тарихын тануға жетелейді.
18 мамыр 2018 ж. 1 448 0