№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнерлі бала өрге озар

Өнерлі бала өрге озар

Қожакент ауылында кіндік қаны тамған Ақбота Әділбек жастайынан сөз өнері қонған талант иесі екенін байқатады. Ол көркем сөзді нақышына келтіріп оқуға машықтанып, қатарластарынан дараланады. Оның сыныптастарынан тағы бір ерекшелігінің сыныптастарынан тағы бір ерекшелігі – кітап құмарлығында.
Абай мен Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтып түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып жүр. Мектепшілік мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, орындаушылық, әртістік қырымен де танылып жүрген жас дарын. Яғни біздің кейіпкеріміз сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі.
«Бұлақ көрсең көзін аш» демей ме ұлт даналығында. Ақботаның бойындағы дарынды жоғары бағалайтын ұстазы Индира Зулпыхарова:
– Ақботаның білімге, өнерге деген ынта-жігері ерекше. Мектебіміздің мақтанышы. Оның еңбексүйгіштігіне, ізденімпаздығына тәнтімін. Бір нәрсені бастаса аяқсыз қалдырмайды. Өзі сабақта да, қоғамдық іс-шараларда да өте белсенді. Қаншама оқушылардың арасында дара атанып, мерейімізді өсіріп келеді, – деді.
Әрине, ұстазы шәкіртімен мақтанғаны орынды. Ақботамен сұхбаттасу барысында, мақсат қоя білетін қасиетін таныдық.
– Димаш Құдайбергенді ерекше құрметтеймін. Әлемдік деңгейге көтерілген орындаушы қазақ ұлтыныңдарынды екенін танытып жүр. Димаштың ән-құдіреті Мексикалықтардың қазақ тілін үйренуге итермелеуде. Мұның артында қажырлы еңбек пен ізденісті ұштастырып, өз-өзімді дамытып, әлемге қазақтың қасиетін танытқым келеді, – деп асыл мұратын айтты кейіпкеріміз.
Ақботамен сұхбаттасу барысында, жеткен жетістіктерінің де бір төбе екеніне көзіміз жетті. Осы талабынан жаңылмаса, Ақботаны әлбетте биіктен көреріміз анық.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
21 ақпан 2021 ж. 640 0