№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Талантты талабынан таны

Талантты талабынан таны

Өнер – әр адамның бойындағы құдіретті күш секілді. Кейде асау өзендей арнасынан тасып, енді бірде бастау бұлақтай мөлдіреп жанды баурайды. Мұның өзі қандай керемет дүние! Асхат Амангелдіге осындай теңеу айтуға болады.
Өзі – Жаңақорған агро-техникалық колледждің студенті. Сабақтан тыс уақытында Арман кенттік мәдениет үйінің үйірмелеріне қызыға қатысып жүр. Бүгінде «Ақ желкен» көркем сөз оқу, «Сахна сыры» драма, «Ән қанатында», «Ғажайып әлем» сурет салу үйірмесінің мүшесі.
Асхат мектепте жүрген кезінен өнерге бір табан жақын болып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрді. Канцерттік бағдарламалар мен мектепішілік сайыстардан да тыс қалмайтын. Сыныбында алғырлығымен ерекшеленетін оның аудан орталығына қоныс аударғаннан кейін, екінші бір тынысы ашылғандай болды.
Үйірмелерге уақытыңды бөліп, тыңғылықты қатыссаң, талабыңды ұштайтыны анық. Мен өнер жолын таңдасам деймін. Болашақта өнер академиясына түссем деген арманым бар, – дейді жас өрен. 
Ол биыл «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы», көркем сөз оқу байқауында, және «Ел рәміздері – Ел рухы» сурет салу байқауында І-орынды иемденген. Бұдан бөлек түрлі шараларға қатысып, өзінің ізденімпаздығымен танылып жүр. Асхаттың өнердегі ұстазы Рыскүл Ұлықпанова шәкірті жайлы:
– Жас талант  табиғи талантымен еңбекті ұштастыра алса үлкен биіктерді бағындыратынына сенеміз. Ұлы Гете айтқандай «1 пайыз талант пен 99 пайыз төгілген тер». Таланттың танылуы үшін ұшан-теңіз еңбек қажет. Асхат осы бетінен қайтпаса біраз биіктерді бағындыратыны хақ, – деді ұстазы.
Қос ішекті домбыраны күмбірлете тартып, қылқаламмен сурет салғанды жаны сүйетін жас дарын қолөнер бұйымдарын жасағанды да ұнатады екен. Сусындардан босаған ыдыстардан, ағаштан кішкентай балаларға арнап ойыншықтар жасаумен де айналысады. Ал ең ұнататын жұмысы есіктің алдын гүлдендіру. Үйге қолайлы жағдай жасап, үй гүлдерін өсіру.
Мектепте, агроколледжде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, қойылымдар қойып, көркемсөз оқып жүрген жас талант қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Еңбектену арқылы шыңдала түсетінін біледі. Ал жақында дәстүрлі ән үйірмесіне жазылыпты.
«Жігітке жеті өнер де аз» деген әдемі халық мақалы бар. Ұлттың шынайы  боямасыз болмысын бойына сіңірген жас талант өнер маған рухани күш сыйлайды дейді. Қасиетті өнерді қастерлеп, бар болмысымен жанын салып, қалыптасуға күш салып жүрген талабы таудай талантқа қанатың талмай, өмір мәніне балаған өнерің өрге жүзсін деген тілек білдіргіміз келеді.
Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
01 қараша 2020 ж. 708 0