№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мұхтардай мықты ақын боламын!

Мұхтардай мықты ақын боламын!

«Әуелі бойыңда талантың болсын, Талантыңа талабың қанат болсын». Бұл сөз Исламхан Самғатұлына қарата айтылғандай. Бүгінде Қыркеңсе ауылындағы №213 мектептің 5-сыныбында оқитын оның сабақта үлгерімі жақсы, әрі мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысады.
Анасы Қалдықыз Мұхатова: «Ұлым басқа балаларымнан ерекше. Ол алғаш рет өлең жазып келгенінде бір жерден көшіріп алған шығар деп қабылдадым. Қарасам ұстазы Зағипа Мейірбанова апайына арналған екен. Қашанда қамқор, айналасына шуағын шашып, балаларға мейіріммен қарайтын ұстазына деген шәкірттік ілтипаты оның жыр жолдарын жазуға қанат бітірген екен, – деді.
Ұстазына арнаған өлеңді сөзбе-сөз келтірсек:
– Ұрпағынабілім  беріп  жан-жақты,
Тәрбиелепбаптап  жүрген  салмақты.
Ұстаздардымақтанышпен  айтамын,
Өйткені ұстаз, мейірімдіардақты!
Зағипа апай мейірімі төгілген,
Алғаш рет сусындатты біліммен.
Білікті  ұстаз, Гүлназ апайдан,
Білім алдық, біз ағылшын тілінен, – деп өрнектеледі.
Әрине, жас ақынның өлеңінің ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағындыруда еңбектенуі керек-ақ. Дегенмен 5 сыныпта оқитын оқушы үшін ойы мен жүйесі бар өлең деп бағалауға болады.
Сөйтсек, ұстазы ылғи демеп, өлең шығаруға деген жігерін жанып жүреді екен. Исламханның нағашы әжесі Малика Әлжанова өнерлі жан. Құрақ көрпеше тігіп, сырмақ сыратын ол бос уақытында өлең шығарып, шығармашылықпен айналысады екен
Жасынан өнерге құлаш сермеген баланың домбыра үйреніп, айтыс өнерін меңгеруге деген ниеті де бар. Әкесі Самғат Саркутов ұлының жігерлі, батыл болып өсіп келе жатқанына риза.
«Арман» кенттік мәдениет үйінде көркемсөз үйірмесінде өнерін шыңдап жүрген жас талантқа үйірме жетекшісі Рыскүл Ұлықпанованың ықыласы ерекше.
– Жас ақын Исламханның жүрегі қазақтың иен даласындай. Өзі айбарлы, сөзі қайраулы нағыз ақын болатын жеткіншек. Біз оның болашағынан зор үміт күтеміз, – деді жетекшісі.
Исламхан Самғатұлын әңгімеге тартқанымызда, оның Мұқағилидің өлеңдеріне көңіл қоятынын білдік. Сөз өнерінің қыр-сырын меңгеруде Абайдың өлеңдерін көп оқиды екен.
– Ақындық өнердің асқар шыңына жетуде көп білім алу керек. Өз басым, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовты үлгі тұтамын. Ол да жазба ақыны ретінде танылды. Сосын айтыс аламанында шыңдалып, сөз өнерінің қасиетін меңгеріп, үлкен ізденістің арқасында үш рет «Алтын домбыраны» жеңіп, Сыр өңіріне әкелді. Мұхтардай мықты ақын болғым келеді, – деп арманымен бөлісті жас ақын.
Сөз өнері екінің бірінің бағына қона бермейтін қасиет. Ал біздің кейіпкеріміз сөз өнерінің салмағын түсінеді, әрі Абайдай ақынға айналудың жолы – еңбек пен ізденісте екенін біледі.
Айдана ЕРКІНҚЫЗЫ
21 ақпан 2021 ж. 452 0

Ұқсас жаңалықтар: