» » Конституция күні марапат биігіне көтерілгендер

Конституция күні марапат биігіне көтерілгендер



Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Ата Заңымыз мемлекеттің құрылымын нығайтып, азаматтардың міндеттері мен құқықтарын айқындап берді. Осынау еліміз үшін аса маңызды мереке аудан орталығындағы Манап Көкенов мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті.


Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы:«Ата заң — қастерлі құжат, тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. Оның іргетасы тарихтың терең қойнауында жатыр. Бүгінгі Ата Заңымызда сол ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысымен қалыптасқан. Бұл да бір кездегі Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» секілді дала өмірінің заңнамаларының жалғасы екендігі даусыз. Осындай бабалар жолын жалғап келе жатқан қазақ елі барда Ата Заңымыздың тұғыры әрқашан биікте болғай », — деп ақжарма лебізін жеткізді аудан басшысы.
Құттықтаудан соң марапаттау рәсімі орын алды. Онда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Еңбек ардегері медалімен» ардагер журналист Ерубай Қалдыбеков, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» Бесарық бекеті клубының директоры Жәнібек Сыздықов, «Қызылорда облысының Автокөлік саласының құрылғанына 80 жыл»мерекелік меделімен кәсіпкер, меценат Әбдіхан Шайхов, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» Сәкен Үсейінов, Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» Бибайым Нәлібаева, Бағдат Жүсіпбеков, Нұргүл Жұмашева, Толқын Абдрахманова, облыс әкімінің арнайы мерекелік «Алғыс хатымен» Әсемкүл Манапқызы, облыстық «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен» Қалдыбай Шілтенұлы, Мейірхан Мұхтарұлы, Дина Садыққызы марапатталды.

Ал аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен Күкірт қышқыл зауытының дәнекерлеушісі марат Өмірәлиев, Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Айдана Нұрғалиқызы, Мерей Сейдахметұлы, Бақытжан Құсанұлы, Айгүл Серікбайқызы, Кенжжебек Мұханбетұлы, Баймахан Батырханұлы, Үкібай Барақбайұлы марапат биігіне көтеріліп, естелік суретке түсті.
Кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, отшашумен аяқталды.

Лаура БИБАСАРОВА






01 қыркүйек 2019 ж. 1 178 0