№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жарқырасын жастар!

Жарқырасын жастар!


Адам сөз өнерін екі түрлі жолмен игереді – біріншісі, текпен келсе, екіншісі, еңбекпен ұштайды. Кейіпкеріміз Айжарқын Найманбайға сөз өнері текпен келген. Мәдениет саласындағы жаңа жобаларды, идеяларды жүзеге асыруымен танылып келе жатқан жастың жазары көп.


Ауданда түрлі деңгейдегі іс-шаралар, байқауларда бағын сынап, сыннан сүрінбей, Сыр өңіріне таныла бастаған өнер иелері аз емес. Онлайн режиміне көшсек те осыны көріп келеміз.
– Менің қызметтегі негізгі міндетім – өнерге аяқ басқан дарын иелерінің жолына шырақ жағу. Бала кезімнен кино түсіру өнеріне қызығып өстім. Арманымды шындыққа айналдыру мақсатында Алматыға жол тарттым, – деді ол.
Ол Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының өнертану факультетінің кинотану мамандығы бойынша білім алады. 2018 жылы еңбек жолын «Қазақфильм» АҚ «ТОН» студиясының ұйымдастырушы ретінде бастайды. Одан кейін Аbai.kz ақпараттық-танымдық порталында штаттан тыс тілшісі ретінде жазу өнеріне араласады. 2019 жыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне әдіскер болып жұмысқа орналасады.
– Жастардың шығармашылығын насихаттайтын құрылым құрылды. Қазір соған жетекшілік етемін. Яғни өнерлі балалар мен жастарды халыққа танытуға қызмет етемін. Ашылғанымызға екі айға ғана болды. Осы уақыт ішінде «Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауын онлайн форматта өткіздік. Алда жоспар көп, – деді Айжарқын
– Өмірде немесе өнерде жол көрсеткен ұстаздарың болды ма?
– Иә, мектеп, жоғары оқу орнында тәлім алған ұстаздарым жетерлік. Бірақ маған осы өнер саласында жол көрсетіп, бағыт-бағдар берген Қалила Омаров ағам болды. Ол жерлес інісі ретінде, өзінен үлгі алатын шығармашыл жан ретінде жол көрсетті. Тіпті қызметке орналамәдениет саласына келгенімде алдыңғы аға буын, әпкелер мен басшылық құрамның қолдауы көп. Ең бастысы, олар маған сенім артты, енді сол сенім үдесінен шығып, жауапкершілікті көтере білуім керек.
– Алға қойған қандай жоспарың бар?
– Өнердің мәні – ұлтқа қызмет етуде. Сондықтан өнерге қызмет ету, әсіресе, жас өнерпаздарды халыққа жаңа қырынан таныту үшін жұмыс жасаймыз. Оның бір бағыты орталық алаңдағы LЕD экранға әрбір әншінің орындауындағы әндерді жиі-жиі беріп отырсақ деген ой бар. Сондай-ақ келер жылдың еншісіне қалдырып отырған жоба – Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналады. «Поэзия менің жүрегімде» атты шығармашылық кеш қойылады, оған дайындық басталып кетті.

P.S.: Отбасында төрт ұлдың ортаншысы Айжарқын қазір өзі де шаңырақ көтеріп, перзент сүйіп отыр. Талапты ұлдың жарқын бастамаларын байыптап, бағытын білдік. Ең бастысы, оның нақты мұраты бар. Ол – өнерге қызмет ету.
Өнерлі жастарды ақпараттық тұрғыда қолдауды мұратеткен Айжарқын жарқырай берсін!

Әли ТЕМІРБЕК
23 қараша 2020 ж. 677 0