Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » СЫЙЛЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫ

СЫЙЛЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫ

Мира Таубаева апайды аудан тұрғындары арасында білмейті кемде-кем. Кейбірі әлеуметтік желі арқылы білсе, енді бірі мәдениет саласының майталманы ретінде мойындайды.

– 1985 жылы Жетісай мәдени-ағарту училищесінің «Клуб жұмысы» бөлімі бойынша білім алдым. 1986 жылы Өзгент совхозына қарасты Политотдел бөлімшесіне ауылдық клуб үйінің меңгеруші қызметіне қабылдандым. 2014 жылы мекеменің атауы өзгеруіне байланысты Машбек Нәлібаев ауылдық клуб үйі МКҚК-ның директоры болып қызмет атқарып келемін. 2015-2017 жылы Шымкент қаласындағы «Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің» музыкалық білім бөлімін аяқтадым, – деп бастады әңгімесін ол.
Ашық-жарқын Мира апай өмірінің кемелді шақтарын және кәсіби қызметінде атқарып жатқан бастамалары жайында айтып берді.
1985 жылы Әуезхан Әуелбековпен шаңырақ көтеріп, 5 ұл, 3 қыз, олардан 8 немере тәрбиелеп келеміз. Ә.Әуелбековтың 30-ға жуық өлең жинағы бар. Бірнеше өлең сөздеріне әндер жазылып, бүгінде «Машбек ата», «Құлыншағым», т.б. өлеңіне ән жазылды. Бүгінде үлкен ұлым Ақылхан Әуелбеков әнші, Дәулетхан Ыдырыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үшінші курс студенті. Ақындығы бар. Бірнеше облыстық және республикалық көркемсөз оқу байқауының жеңімпазы, бірнеше әннің авторы.
Бүгінде клуб үйі онлайн жұмыс жасауға машықтанды. Абайдың 175 жылдығына орай «Абай біртуар ғаламдық тұлға» апталық кеші, «Ауылым алтын тұғырым» атты туған жерді дәріптеуге арналған онлайн концерттік бағдарламаны және рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ертегі айту ізгіліктің бастауы» атты аудандық онлайн әжелер байқауы ұйымдастырылған.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Көмейден аққан жыр шашу» атты Ақжол ауылының жас жазба ақындардың онлайн арнау өлең жолдары, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Бабалардан қалған өсиет» атты жыр-термешілердің онлайн концерттік бағдарламасы тыл ардагерлерімен «Тарихқа тағлым – өткенге тағзым» атты сыр сұхбаты ұйымдастырылыпты. Сондай-ақ «Тарихтағы теңдесіз күн» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылса, «Батырлар – ел қорғаны» атты мектеп оқушылары арасындағы онлайн батырлар жырын орындаушылардың облыстық байқауы болып өткізілді.
Мира апайдың кәсіби біліктілігін, іскерлігін, парасаттылығын әріптестері де мойындайды. Соның бірі М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева:
– Машбек Нәлібаев ауылдық клуб үйі аудандағы ең белсенді рухани мекеменің бірі. Оның жұмысын сапалы ұйымдастыруда Мира апайдың еңбегі зор. Бүгінде облыстық деңгейдегі байқау өткізетін болсақ, Мира апайдың жоғары деңгейде өткізетініне сенеміз. Соның дәлелі болса керек-ті, жыл басынан бері бірнеше облыстық байқау Машбек ауылында өтті. Апай осындай кәсіби маман ретінде, істі сапалы атқаратын қасиетімен әріптестер арасында сыйлы, – деді.
Әрине елдегі жағдайға байланысты үй үйді аралап, егістікті барып, сыр сұхбат жасау оңай болған жоқ. Әсіресе мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында үйірме мүшелерін тартуға да жұмыс жасалып жатыр. Клуб қызметкерлері онлайн жұмыс жасауға да машықтанып қалған. Үлкен кісілер үйіне барып қызмет көрсеткеніне алғысын жаудырып, батасын беріп жатады екен.
Иә біз олармен сұхбатын әлеуметтік желілер арқылы көріп, қуанып жүрдік. Тағылымды өмір жолдарын кейінгі буынға үлгі еткен сыр сұхбаттарынан
жүрекжарды лебіздерін, ыстық ықыласын көріп қуанып жүрдік. Батасын берген көнекөздеріміздің алғаусыз алғыстарын естігенде бойыңды қуаныш кернейді. Міне жұмыстың бірізге түсіп, таланттарды танытуға, тануға күш салып, талап үдесінен шығуды басты мақсаты санайтын Мира Таубаева сынды еңбекқор ана, әрі білікті басшыны нысанамызға ілуіміздің де себебі осы еді.
Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
12 шілде 2020 ж. 670 1

Азиза от 12 шілде 2020 23:20
Алла каласа енбегиниз еселене берсин... Алла каласа бийктей бериниз...