№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шымкентте жұма күні нанды тегін таратын дүкен жұрттың ықыласына бөленді

Шымкентте жұма күні нанды тегін таратын дүкен жұрттың ықыласына бөленді



  Шымкенттегі "Нұрсәт" шағын ауданында жұма сайын тегін нан тарататын "Диас"атты дүкен жұрттың назарын аударды. Бұл туралы "Замана" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.

   Дүкен иелерінің бұл әрекетіне таң қалған жұрт азық-түлік тауарлары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сататын маркетке нанның ақшасын өздері қалдырып кетеді екен.
   Кәсіпкердің сөзінше, бұл дәстүр ары қарай да жалғасын таба береді.
  "Біздің дүкен осыдан екі ай бұрын ашылды. Содан бері қасиетті жұма күні осы қайырымдылық істі жасап келеміз. Әлі де бұл игі дәстүр жалғасын таба беретінін де айтқым келеді.
  "Нұрсәттің" тұрғындары нанға ақша алмаймыз, тегін дегенімізге тосырқай қарап, тиынын қалдырып кететін. Олар өзін көмекке мұқтажбын деп есептемейтіндіктен ұялып, солай ететін болуы керек. Мұндай жағдайда ақша біздегі садақа жәшігіне салынады.
Аптаның басқа күндері нан үшін наубайхана қойған бағаға үстеме ақша қоспаймыз. Яғни нанды өзіміз 55 теңгеден алсақ, сол бағада сатылады", - дейді кәсіпкер Айкүміс Әшірова.
Кәсіпкер өздері жалға алған дүкеннен түскен табыстың бір бөлігін тұрмысы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылармен де бөліскісі келеді екен. Қазіргі уақытта Айкүміс мұндай жанұяларды іздестіріп жүргенін, табылып жатса, 10-15 күнге жететін азық-түлікті жеткізіп беретінін айтады.
21 желтоқсан 2018 ж. 1 012 0