Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоқаев туылған күн

Тоқаев туылған күн


1923 жылдың 1 қазанында қазақтың танымал жазушысы Кемел Тоқаев дүниеге келді. Ұлттық прозада детектив жанрын орнықтырған қаламгер.

Шытырман хикаялы проза жанрында қалам тартқан жазушылардың арасынан шоқтығы биік тұлғалардың бірі Кемел Тоқаев еді. «Әке туралы толғаныс» кітабын оқи отырып, Кемел Тоқаевтың балалық шағының да ел басына күн туып, қилы замандар мен күрделі кезеңдерге тап болғанын, ағасы Қасым екеуінің бір күнде ата-анасынан, кейіннен соңынан ерген қарындасынан айырылған ауыр трагедияны бастан өткергендігін аңғарамыз. Алапат аштықтан енді ғана ес жия бастаған кезде, сұрапыл соғыстың ызғары да келіп жеткен еді. Жар сүйіп, балалы-шағалы бола алмай, дүниенің ешбір қызығын көріп үлгерместен қан майданға аттанып, қыршынынан қиылған мыңдаған боздақтардың бірі болған Қасым соғыстан қайтпады. Он сегізге енді толар- толмастан өзі де майданға аттанады да, ажал аузынан аман қалып, ауыр жарақатпен елге оралады. Соғыс жылдарында жас Кемел «жығылсаң нардан жығыл» дегендей ала-бөтен қырғын Сталинград окобынан бір-ақ шығады. Сондықтан орыс жазушысы Виктор Некрасовтың «В окопах Сталинграда» деген романы сияқты Кемел Тоқаевтың да соғыс туралы жазған туындысы окопта жазған репортаждай оқылатыны жасырын емес.
Ол Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Жазушылар одағы бірігіп өткізген алғашқы байқауда  (1956) бірінші бәйгені жеңіп алады. Кейіннен осы шығармашылық сайыста тағы да үш рет (1972, 1977, 1980) жеңіске жеткен  көрінеді. Құқық қорғау қызметкерлерінің жанқиярлық еңбектерін бейнелеген көркем туындылар жазғаны үшін «Милиция қызметінің үздігі» белгісімен марапатталады.
01 қазан 2019 ж. 595 0