Атырау тілшілері аудан төрінде
«Атырау-Ақпарат» ЖШС-не қарасты облыс және аудандық газеттердің өкілдері арнайылап Жаңақорғанға ат басын бұрды. Алдымен аудан әкімі Руслан Рүстемұлының қабылдауында болып, емін еркін дидарласып, батыс жұртының сәлемін арқалай келгенін жеткізді. Одан кейін «Жаңақорған тынысы» редакциясында болып, шығармашылық байланыс орнатып, әріптестерімен бүгінгі ақпарат кеңістігі жайында пікірлесті.
Ақпараттық холдингке қарасты "Дендер" Индер аудандық газетінің бас редакторы Жанай Амантурлинмен «Атырау» облыстық газетінің жауапты хатшысы Дәурен әріптесіміз өңір жаңалығымен, аудан тарихымен таныстырды.
Жақынырақ таныстық, амандық-саулықтан кейін әріптестік байланысты орнату жөнінде пікір алмасып, тәжірибелерімізбен біз де бөлістік. Негізі батыстағы әріптестеріміз ауданға ем алу үшін «Жаңақорған Шипажайына» келіпті.
Енді Қаратау мен Атрыау арасындағы байланыс нығайып, журналистік салада жаңа жобаларды жүзеге асыратын боламыз. Ең бастысы, ізденіс пен жаңашылдыққа бейім келетін тілшілер қауымының бұл дағдысы бәсекеге қабылетті болуға дайын екенін көрсетеді. Қалғаны уақыт еншісінде...