№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Менің отбасым – менің тірегім»

«Менің отбасым – менің тірегім»



«Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Рухани жаңару» қоғамдық қорының үйлестіруімен «Менің отбасым – менің тірегім» тақырыбында Машбек және Ақүйік ауылдарында жас отбасылар мен ауылдың көп балалы отбасыларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар – тренинг қыркүйек айында өткен болатын. Ауылдық округтер бойынша жалпы қатысушы отбасылар саны 10 – нан аса отбасыдан  асып түскен кездесу жас отбасылар үшін ерекше болды.
Кездесу барысында көп балалы  аналар сөз сөйлеп, отбасының қиын да қызықты сәттерімен бөлісті,және жас ана да  отбасы күнімен құтықтап, болашақ жастарға отбасында тату-тәтті,өмір сүрулеріне,болашақ жас аналарға баланың жас кезінен бастап тәлім тәрбие беру туралы мағұлымат беріп өтті.
«Машбек Нәлібаев» ауылдық клуб үйінің директоры Таубаева Мира ашылу сөзін сөйлеп отбасыларға кездесудің мәнін түсіндірді. Клуб үйінің директоры  барлық отбасы өз өнегелі істерімен көпке мәлім. Өйткені, шаңырақ иелері ұзақ жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп, ұл-қыздарына лайықты тәрбие беріп келе жатқандығын атап өтті.
 Кездесу барысында олар  жастарға отбасы құндылығы мен  бақытты жанұя атанудың жолдары жайында өз ойларымен бөлісті. Шаңырақтың бірлік-берекесін сақтап қалу сырларын айтып, жастарға үйленіп, үй болудың жауапкершілігін түсіндірді.  Сондай-ақ, жастық шақтың қызығынан сыр шертіп, елімізде осымен өткізіліп отырған  «Мерейлі отбасы» байқауының маңыздылығын атап өтті. Жастар болса, өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, кездесу соңында  алған әсерлерімен бөлісті. Әдемі кездесу барысында ұрпақтар сабақтастығы, бүгінгі ұрпақты еңбекқорлыққа баулу мәселесі де сөз болды.
Кездесуге Машбек ауылдық округінен Сұлтановтар, Бейменғазеевтер, Сәрсенбаевтар т.б  жеті отбасы секілді ауылға белгілі отбасылар қатыстыса, Ақүйік ауылдық округінен Баймұратовтар, Бейсенбейевтер, Оспановтар т.б отбасылар өздерінің өнегелі өмірі туралы көптеген мағұлматтар беріп  өтті.
13 қараша 2019 ж. 1 345 0