Қару-жарақтың киесі
Бірнеше мыңжылдықты қамтитын қазақтың дәстүрлі жауынгерлік қару-жарығының түп-тамыры сақ тайпасынан басталады. Сақтар шабуыл қарулары және қорғаныс жарағы деп бөліп, олардың денеге орналасу тәртібін қарастырған. Жақ пен оқ, қанжар, қысқа семсер, акинак, ұзын семсер, найзағ, екі басты балта – шабуыл құралдарына жатты. Ал, денені қорғайтын сауыт, жауынгерлік дулыға, қол мен аяқты қорғайтын жабдық – қорғанысын нығайтқан.
Құю, соғу, қалыптау, баспалау секілді тәсілмен темір ұсталары ер азаматтың құралын жасап, ел үркитін сұс берген. Скифтік-сібірлік аңдар стилінде бейнеленген жауынгер бейнесінен осыны аңғару қиын емес. Стиль VIII ғасырда қалыптасып, тотемдік мәнге ие болды. Сақ және скифтік дәуірдегі жақ құралы қазіргі қылыштың атасы деуге келеді. Осы жақтан соң, садақты ойлап тауып, сақтың соғыста жеңіске жетуіне қарқын берді. Садақтың аламат күшімен, едәуір жерді басып алып, қанатын кеңге жайып, өзінің билігін жүргізген.
Акинак қоян-қолтық ұрыста өте ыңғайлы, кесу мен түйреуге арналды. Ауыр жарақат салып, талай дұшпанды жер жастандырған қанжардың түп тамыры. Ақинақ белдікке қайыс арқылы байланып, бір жағынан сән берген. Мұны беделді жауынгер ғана пайдаланған деген дерек те бар.
Қашықтықтан ұрыс жасау құралының бірі екі басты балта. Бұл оңнан келгенді оңға, солдан келгенді сол жаққа сұлатып түсіретін жойқындығы болған. Мұны білекті әрі қарулы ерлер иыққа алып жүрген. Сагирас атымен әлемнің ең құнды жәдігері сақталатын музейлерде тұрған балтаны зерттеушілер сақтардың сауатты халық болғанын айта бастады. Ағаш және темір кесуге арналған шақан да зерттеле қоймаған.
Біздің дәуірімізге дейінгі бір мыңжылдықтан сыр шертетін басы тастан жасалған гүрзілер Ұйғарақ обасынан табылып, тарихи зерттеулерге жол ашты. Ал, осы құралдарды белге күш түсірмей, қалыпты тепе-теңдік сақтап тұруына белдікдің маңызы зор. Белдік қайыстан әрі құйма металдардан жасалды. Осы дәуірде тұлпардың да қауіпсіздігі ойластырып, түрлі қорғаныс құралдары құйылған. Қалқан мен дулығада осы дәуірге дейін сақталып, бабалардың дүбірлі дүниесі көз алдымызға келді. Алтай тауларының жотасындағы обалардан табылған ат әбзелдерінен аңғарасыз.
Осылайша, қару-жарақ мәдениеті мен технологиясы дамып, сақтардан соң ғұндар, сарматтар, қимақтар тағысын тағы тайпалар жалғап, түрік қағанаты, сұлтан мен әміршілер дамытып, бүгінгі күнге жетті.
Қазақтың қаруының қуаты
Қазақтың эпостық жырында тұнып тұрған тарихты сөйлетсек, «бес қаруы бойында», «ер қаруы-бес қару» деп жатады. Мұның жай ғана айтылмағанын ұғына бермейміз. Батырға өршіл рух, асқақ айбар берген қару жайында кейінгі жылдары ғалымдар да тың тұжырым айта бастады. «Қазақ қаруынан айрылғалы айбарынан айрылды», «Бес қарусыз ердің батырлығы айқындалмайды», «Қарулар жайында тарихты қайта зерделеу керек» деген пікірлер ара тұра айтылып қалады.
Десе де, тарихи куәгердей тұңғиықтан түрен салған құнды құралдарымыздан зертеуге тұрарлық дүние жетелік. Бес қарудың өзі бір-бір төбе тақырыпқа айналып, бір ғана қамшының өзінде 20 түрі кездесетіні белгілі болды. Қамшы, қанжар, найза, шоқпар мен садақты жеке-жеке талдасақ таусылмайтын туынды шығады.
Қару-жарақ қазақ халқында өмір сүру географиясына, ұстанатын салтына қарай түрлі болуы заңдылық. Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік аймақтарда батырлардың сауыты түрлі болған. Жазда қысқа жеңді сауыт, қаптама сауыт, тор және берен сауыт секілді түрлері табылды.
Қазақ қаруларының қуаттылығына, сыртқы сұлулығына, мәдениеті мен технинасына әлем назары ауды. Себебі, бірде алтынмен апталған болса, енді бірі күміспен күптелген.
Жуырда Қалиолла Ахметжанның «қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы атты тың туындысы жарық көрді. Тарихтың қойнауына кеткен құндылыққа жан бітіріп, бүкіл дәуірдегі қаруларды бейнелеп, оны қолданудың тәсілін тәтпіштеп түсіндірген. Тарихшының еңбегі өлшеусіз.
Бес қарудың түр-түрі біздің аудандық музейде сақталған. Соның бірі батыр дулығасы. Бұл туралы дерек аз.
–Біздің ауданда белгісіз батырдың дулығасы табылып, музейге табысталған. Содан бастап біраз елдегі тарихшыларға айтып, зертеуді бастадық. Десе де, оның кімнің бас киімі болғанынан ақпарат болмағанымен, орта ғасырда жасалғаны белгілі болды. Меніңше, ол бір беделді батырдың мүлкі секілді, – дейді Жаңақорған аудандық музейінің директоры Нәбихан Шалапов.
Түйін. Қару-халық рухы, жаны мен ары. Кие тұтып, төрінен орын сайлап, қастерлей білген халық үшін қарудың жараулысын әрбір жігіт тани білуі де ептіліктің белгісі. Қаншама дерке де дауа болып, сенім-нанымға сіңіп кеткен қасиетті де киелі қаруларды өскелең ұрпаққа насихаттау бүгінгінің басты мәселесі.
Мақпал ПАТЕНОВА