Кремльдегі қасиетті жайнамаз
Бұл оқиға бұдан жиырма жыл бұрын болған-ды. Бәрі күні кешегідей ойыма оралып, көкірегімде сайрап тұр. Тоқсаныншы жылдың орта кезі. Бөлмедегі телефон сылдыр етті. Көтердім, бас редактор Жақсылық Рахматулла екен. Сәлемдесіп жатыр.
– Маған соғып кетіңізші, Қайреке?! Қайсыкүні кезекші болған едім, газеттен қате кетіп қалды ма деп жүрегім дүрсілдей жөнелді.
Жоқ, редакторым жайдары, биязы қалпымен әңгіме шерте бастады.
– Әлгі әзірде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауынан келдім. Мәселе былай, қалам алыңыз, тыңдай беріңіз?!
Әкім:
– Ақын Әбділда Тәжібаевтың көзі көруден, аяғы жүруден қалыпты. Жүдеу көрінеді. Халін білуіміз керек. Қандай көмек керек, неге зәру? Қазақтың Әбділдасы ғой ол. Сырдың біртуар перзенті. Сырды, дала академигі Ыбырай Жақаевты, Мөрәлі Шәменовті төгілте жырлағаны кімнің есінде жоқ. Неміс ақыны Гейне Рейнесін жырласа, мен Сырда туған Сырдарияны неге жырламаймын деп мінбеге талай көтерілгені бар. Бір журналисті жіберсеңіз дұрыс болар еді. Бұған кімді қалайсыз, Жақсылық? – депті.
– Журналист Қайырбек Мырзахметұлы дұрыс болар…
– Дұрыс, қосыламын. Ақынмен әңгімелессін. Содан соң болған жайды айтыңыз, – депті Бердібек.
Алматыға суыт іссапар басталды. Ертеңіне дереу ұшаққа билет алып, жолға шықтым. Ойым отыз бөлек. Қайдан іздеймін, ақынды табу қиын болмаса болар еді деп толғанып келемін. Сұрақты қалай бастаймын, ақынға әкімнің лебізін жеткізуге шеберлік керек. Бірден «неге зәрусіз?» десем ақынның каһарына ұшырап кетемін бе деген ойдың құрсауына түскендей күй кешіп келемін. Ақын Мұқағали айтқандай, Әбділда ақын патша Иван Грозный ғой, таяқ қай жерге тиер деп ойға түстім.
Алматыда байырғы баспагер, журналист Серік Әбдірайымұлы деген азамат бар. Бұрыннан таныспыз. Сол азаматты тауып алайын деген шешімге келдім. Қойын дәптерімде кеңсе телефоны бар болатын. Алматыдан ұшақтан түсе таксилетіп, қонақүйдің жайлы бөлмесіне орналастым. Содан Серікке телефон соқтым. «Санат» баспа үйінде екен. Үстінен түстім, аман-саулықтан соң сапар мақсатын баяндадым.
– Ақын Әбділданы үйінен таппайсыз. Ол кісі көптен саяжайда, мен бір-екі кездесіп, халін білгенім бар. Қазір бірге барамыз. Сыртқа шығып тұрыңыз.
Бағытымыз – ақын саяжайы. Серіктің қызметтік «Волгасымен» Алматыны қақ жарып келеміз. Саяжай Алматының бір қиырында болар деп ойлағанмын. Жоқ, қаланың қақ ортасында болып шықты. Саяжай деген қала шетінде болушы еді, бұл қалай?
– Ақын саяжайы Тайманов көшесінде екен. Бұл жер бір кезде жағалай бау-бақшалық болған. Алматы маңайы жағалай колхоз еді. Қазір бір-бір микроаудан, – деді Серік. – Уақыт, шіркін, бәрін өзгертеді ғой, Қайреке?
Келдік. Маңай жасыл желекке оранып тұр. Есік алдына бір әйел шықты.
– Ақын Әбділда атаның саяжайы ма, қарағым?
– Иә, аға!
– Сіз кім боласыз?
– Мен ақынның саяжайындағы күзетшімін.
– Ақын үйде ме?
– Үйде. Сіздерді кім келді дейін?
– Қызылордадан журналист Қайырбек деген азамат деңіз. Қасында баспагер Серік Әбдірайымұлы деген журналист бар деңіз.
Есік қақтық.
– Кіріңдер! – деген ақын дауысы күндей күркіреп естілді.
Сәлем бердік, өзімізді таныстырдық. Ақын менен гөрі Серік Әбдірайымұлымен шүйіркелесіп отырды.
– Уа, қарағым, айналайын Серік екенсің ғой. Димаштың – Қонаевтың қасынан қалмай жүрген азаматсың. Әй, бәрінен хабарым бар. Адам түгіл ат үркер кезінде туған інісіндей қасында жүрдің, сескенбедің. Димаштың талай кітабын құрастырдың. «Д.Қонаев», «Елу жыл ел ағасы» атты кітаптары – нағыз шежіре ғой. Сұхбаттарыңды сүйсіне оқығанмын, айналайын Серік, қаламың ұшқыр. Атаң қазір оқудан, көз көруден, аяқ басудан қалды. Даланы серуендеу мұң. Көзкөргендерден Әбдіжәмил, Әлжаппар ғана келіп тұр. Ұл-қыздарым бір-бір шаңырақ. Шүкір бәріне. Ал, мына қасыңдағың кім?
– Әбеке, мен Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің қызметкерімін. Атым – Қайырбек, әкемнің аты Мырзахмет. Сізге облыс әкімі Сапарбаев «халін біл» деп арнайы жіберді. Сұхбаттасуға келдім.
– Уа, айналайын Бердібекжан-ай! Менің жайымды біреу жеткізген ғой. Саламат болсын. Ағасы ешнәрсеге зәру, мұқтаж емес де. Баяғы көкіректі жарып шығар өлең жоқ. Дауыл бар, екпін жоқ, найзағай бар, жарқыл жоқ, толқын бар, ағысы жоқ дариядаймын…Жазған кітаптарыма қаламақы келіп жатыр. Зейнетақым жетерлік. Мен өзім қол жаюға жоқ адаммын. Ақынын іздейтін Бердібектей азаматтар көбейгей, көп жасасын. Ағасы Әбділда баяғыдай бұрқыратып өлең жазудан қалған, жапырағы түскен бұтадай де. Алла қуат беріп жатса, туған жерімді – Сырдарияны, Қараөзекті бір шарлап қайтсам деп отырмын. Ұлым Рүстем көлігімен серуендетем деп уәде беріп тұр. Адам арманға тоймайды ғой, қарағым?! Ажалға сабыр берсе туған жерді бір аунап қайтсам ғой, шіркін-ай?!
Ақын біраз сыр ағытты. Бердібекке деген шынайы ықыласын төгілтті. Замандастары жайында естелік айтты. Анасы Айманкүл, сүйікті жары Сараны аузынан тастамай отырды. Содан соң ғасыр Гомері – Жамбылдың қасында көп жыл жүргенін, жырларын кітап етіп шығарғанын, бұған Қалқаман, Тайыр, Ғали, аудармашы Павел Кузнецовтің, Қасым еңбегін тізбектеді. Бәрін ұмытпаған ақынның қабілеті таңырқатты.
– Жамбыл даңқы қалай шықты, Әбеке? – деді Серік.
– Бұл ұзақ әңгіме. Сұрадың ғой, айтайын.
– Нарком Темірбек Жүргенов маған телефон соқты. Мен ол кезде халық-ағарту комиссариатында қызмет атқаратынмын. Парижден Мирзоян телефон соқты деді Темекең. Өз ойын алдымен Ораз Исаевқа айтыпты. Қазақ – ақын халық дейсіздер. Бұл рас болса алдағы Мәскеудегі декадаға бір қарт ақын апармай болмайды. Біздің мәртебемізді, қазақты ақын көтереді. Сүлейман Стальский сияқты бір қарт табыңдар. Ораз мұны маған тапсырып еді. Мен мұны саған тапсырғалы отырмын. Кім лайықты?
– Жамбылдан қолайлысы жоқ!
– Дәл таптың, іске кіріс, Әбділда! – деді Нарком.
Ұзынағашта тұратын Жамбылды тауып алып, Мәскеудегі декадаға әзірледік. Өлең-жырларының тігісін жатқызуға шықтық. Бұған білек сыбана еңбек еткен Ғали, Қалқаман, Тайыр, содан соң мен болдым. Төгіліп тұрған, тұнып тұрған жыр. Тоқсанға бет бұрса да домбыра шертісі мүлдем бөлек. Содан соң арада бірер ай өтті.
Мәскеудегі онкүндікке пойызбен бес күндей жол жүрдік. «Правда» газеті Жамбылдың суретімен өлеңдерін жариялады. Мәскеуліктер қолында газет. Тұс-тастан «Жамбыл, Жамбыл»! – деген қошеметтен құлақ тұнады.Декада соңында Сталиннің қабылдауында болдық. Жамбылға бас изеп, пейіл байқатқандай болды. Қабылдау бітті. Жамбыл қабылдаудан шығар кезде:
– Сталин қонаққа шақырады дегендерің қайда, үйіне бір күн қонбай кетеміз бе? – деп қарап тұр. Бәріміз ду ете күлдік.
Содан кейінгі тағы бір қызықты оқиғаны ұмытып барады екенмін, естеріңде болсын.
Бір ғажабы декада күндерінде Жамбыл бес уақыт намазын қаза жібермеді. Кремльдің кең сарайында жайнамазын жайып беріп, намаз оқып болғанша қасында тұрғанымыз бар. Бұл да сол уақытта сәл ерсілеу көрінген болар, көсемге бұл хабарды суыт жеткізді дегенді де естіп жаттық. Бірақ ол «тоқсанға келген адамға тимеңдер, намазын оқыса оқи берсін» деп кері қайтарыпты деген рас-өтірігі аралас әңгіме желдей ескенін құлағымыз естіді. Декадада Жамбыл мәртебесі одан әрі биіктеді. «Ленин» орденімен наградталды. «Декада қалай өтті?» деген сауалымызға Патшалардың 300 жылдығынан кем болмады деп домбырасын шертумен болды.
Ұлы Жамбылдың Мәскеудегі декада кезінде Кремль сарайының төрінде намаз оқығанына ақын-жазушылардың талайы әңгіме, естелік, жыр арнағаны ойға орала береді. Ақын Тұрсынай Оразбаеваның «Дана Жамбыл бір дара» атты өлең шумақтарында сол бір сәтті қайталап тұрған секілді көрінді. Зер салып көрелік:
Не ғажаптар болмағанбұл өмірде,
Жамбыл намаз оқыптыКремльде.
Сол кездің тәртібінентайсалмаған,
Батырдың оты бар мажүрегінде?!
Жеткізіп жыр-сәлемін,тойға назын,
Төгілтіп домбырасымайда сазын.
Атқарып өз кезегін болғанЖәкең,
Жайыпты бір бұрышқажайнамазын.
Үйренген құрақ ұшыпсұсты өмірге,
Басшыға сан бүгілгенқысқа күнде.
Көмекші қызметкеріесі шығып,
Бұл жайды жеткізедіСталинге.
Жымиып миығынанкүліп мұртты,
– Жайына қалдыр, – дедіүрікпе сен,
Намазын оқып болса,жайлап сұрап,
Не қажет екендігінбіліп кел, сен…
Тимеңдер, құрметтеңдер,аялаңдар,
Бұл қартты теңемеңдержай адамға.
Көрмеген рақатынкөрсін енді,
Тоқсаннан жүзге жасытаянғанда.
Өмірі – тұнған тарих,
Өнері – жыр,
Жырымен көңілдергесебеді нұр.
Дарыны, даналығыдариядай,
Жиырмасыншы ғасырдың
Гомері бұл!
Ақын Әбділда Тәжібаевпен кездесу, сол бір іссапар естен кетпейді. Бұл жайында кезінде облыс әкіміне қаз қалпында баяндағанымыз бар. Әкім сонан соң өзінің мейірім шуағы мен шапағатын көрсеткені өз алдына әңгіме.
Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,