№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Ақ шағала» республикалық хореграфиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті

«Ақ шағала» республикалық хореграфиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті

Жақында Қызылорда қаласында «Ақ шағала» республикалық хореграфиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған аталмыш байқауда аудан намысын қорғаған Бесарықтық «Мереке Думан» би тобы жүлделі екінші орыннан көрінді.


Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақ шағала» байқауында аймақтан келген 9 би тобы бақ сынады. Фестиваль-байқаудың мақсаты  білім алушылардың хореграфиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен оны одан әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және де мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау. Сондай-ақ байқаудың өзіндік міндеттері мен тәртібі, шарты мен талабы, ережесі мен қағидасы да болған. Осы аталған сыннан іркілмей өткен «Мерке Думан» би тобының құрамы байқаудың шарты бойынша қазақтың «Еркежан» биін, екінші  би эстрадалық жанр бойынша өзбектің «Хорезм» биін көпшілікке ұсынды. Құрамында Мағжан Баймұрат, Рахат Ниетәлиев, Шұғыла Орынбасар, Гүлнұр Рысбай, Салтанат Смайылқызы, Қымбат Батырханқызы, Дария Ерғараева, Інжу Асқар сынды мың бұрала билеген қыз-жігіттердің биі қазылар алқасының көңілен шығып, нәтижеге қол жеткізді. Жетікшісі Өмірзақ Оспанбековтың айтуынша, байқауды тамашалауға келген көрермендерді, қазылар алқасын  бидегі әр іс-қимылымен таң қалдыра білген би тобы кіл мықтылардың арасынан оза шабуында да бір сыр бар. Оны жетекші Өмірзақ ағай былайшы түсіндірді.
– Басқа жақтан келген биші қыздармен салыстырғанда менің шәкірттерімнің киімдері, бет әлпетінің бояуы, тіпті аяқ киімдеріне дейін сахналық эстетика сақталды. Өйткені бұл бишілерге қойылатын басты талаптың бірі. Осы жағынан да біз әділқазылар алқасын таңқалдыра алдық. Дегенмен қуаныштымыз. Екі айға жуық дайындық барысындағы еңбек ақталды, – деді қуанышты сәтімен бөліскен үйірме жетекшісі.
Айта кету керек, Өмірзақ Оспанбеков жетекшілік ететін би тобында қазіргі уақытта 22 ұл-қыз бидің қыр-сырын меңгеруде. Оның 6-ы ұл болса, қалғаны қыз бала. Осы құрамды түрлі дүбірлі додаларға дайындап жүргеніне төрт жылдан асса, осы уақыт аралығында 20-дан аса би түрін меңгерген балалар қатысқан сайыстарының ешқайсысынан олжасыз оралған емес. Сонымен қатар жылына 6-7 бидің құрылымын дайындап шығаратынын да білдік. Бұл би тобының жеткен жетістіктері де аз емес екен. Мәселен республикалық «Дала өрнектері» байқауында екі жыл қатарынан бас жүлде алса, облыстық «Ақ шағала» байқауынан былтыр үшінші орын алған екен.
«Мереке Думан» би тобының тәрбиеленушісі Мағжан Баймұрат: «Сайыста қарсыластарымыз мықты болды. Бірақ, намысқа тырысып жасөспірімдер арасында екінші орынға ие болдық. Алдағы бәсекелерде бұдан да жоғары жетістікке жету үшін еңбектенетін боламыз», – деді.
Ал биші қыз Шұғыла Орынбасар  жеткен жетістігімен былайша бөлісті.
– Дайындығымыз жоғары деңгейде болды. Сайысқа бармас бұрын бірнеше дайындықтан өттік. Жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын да жүргіздік. Осы еңбектің зор пайдасы тигені анық. Жетекшіміз Өмірзақ ағайдың төккен тері ақталған күн болды, – деп қуанышын жасыра алмады ол.
Айта кететіні осы  кеште «Мереке Думан»би тобының жетекшісі Өмірзақ Оспанбеков облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың «Дипломымен» және де бағалы сыйлығымен марапатталып туған жерге олжалы оралды. Алдағы уақытта «Мереке Думан» би тобы бұдан да биік белестерді бағындыратынына біз с енімдіміз.
Лаура БИБАСАРОВА
29 желтоқсан 2019 ж. 1 014 0