№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Елімізде алғаш рет болған оқиға желісінде әскери кино түсірілді

Елімізде алғаш рет болған оқиға желісінде әскери кино түсірілді


 
Қазақстанда тұңғыш рет нақты оқиға желісінде әскери фильм тұсауын кеспекші. "Алтыншы бекет" деп аталатын жаңа картинада 2010 жылы Ақтау қаласында болған оқиға желісімен түсірілген.
Осыдан сегіз жыл бұрын Ақтау қаласында қатаң тәртіптегі колониядан 60-тан астам жазасын өтеуші қашуды жоспарлаған, осы уақытта он тоғыз жасар әскери парызын өтеуші Ербол Отарбаев қарауыл қызметінде тұрған.
Жас сарбаз жалғыз өзі қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрып, 40-тан астам қышқынды тоқтатқан. Ербол оқиға барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазақстан президентінің жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.
Шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмнің түсіріліміне дайындық кезінде басты рөлде ойнайтын Санұржан Сүлейменов екі апта бойы жауынгерлердің қатарында болып, әскери тәртіппен танысқан.
Қашқын рөлін ойнаған Жасұлан Өмірбек екі апта бойы колонияда қылмыскерлермен бірге тұрған, тіпті образға кіру үшін жалғыз адамға арналған камерада бірнеше сағат отырған.
Сонымен қатар бас кейіпкердің прототипі Ербол түсірілім жұмыстарына белсенді қатысып, оқиғаның шынайылығын жоғалтпауға атсалысқан. Айта кетейік, кинода көрсетілген жарылыстар шынайы. Фильм Алматы қаласында түсірілген.
15 наурыз 2018 ж. 1 087 0