№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақ күйеу балаға төсті неге тартады?

Қазақ күйеу балаға төсті неге тартады?

Қазақ күйеу балаға міндетті түрде төс тартады. Алайда басқа жілік емес, не себепті төс тартатынын қазіргі қазақ түсіндіре алмайды.
Ер Төстік» ертегісін еске түсірейік. Ерназар деген байдың сегіз ұлы жұт жылы қалың жылқысымен бірге ығып кетіп, сол күйі оралмай жоғалады. Күні кеше байлығы тасыған Ерназар әп-сәтте кедейленіп, тіпті ішер асқа зар болып қалады. Ашыққаны сондай, кемпірі екеуі орнынан тұруға әлдері жетпейді. Сонда дымы құрып, шалқасынан жатқан шалдың көзі шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігіне түспеуші ме еді. Сол төстікті асып жеген шал әлденіп орнынан тұрмаушы ма еді. Содан ұзамай кемпірі жүкті болмаушы ма еді. Мезгілі жеткенде, кемпір ұл туып, оның атын Төстік қоймаушы ма еді.
Осы сюжет қиялдан туғандай көрінгенімен, бұнда үлкен мән жатыр. Шаңырақта керулі тұрған басқа жілік емес, дәл осы малдың төсі болуы тегін емес. Майлы төсті жеп алған шалдың жас жігіттей желігуі бекерден бекер ме? Ол желікпесе кемпірі ұзамай жүкті бола ма? Төстіктей алып ұл туа ма?
Демек, бүткіл қабырғаның түйіскен жері – майлы төс етінде қуық асты безіне қуат беретін нәрлі заттектің болғаны. Осыны бұрынғы ата-бабаларымыз білген. Білгендіктен де қызын алғалы отырған күйеу баланың қуық асты безі қуатты болсын деген ізгі ниетпен төс тартқан. Ал ол қуатты болса, шаңырақ шайқалмайтынын, ашып айтылуы әбес өкпе-реніштің аз, тіпті болмайтынын түсінген. Өмір де қызығырақ болатынын білген.
Ендеше, жігіттер, төстік жеп тұрыңдар. Өкінбейсіңдер.



08 қараша 2019 ж. 1 122 0