Құрылтай

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » » Күйеу киімі жайлы не білесіз?

Күйеу киімі жайлы не білесіз?

Барған жерінде: «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» – деп айтқызбау үшін күйеу жігіт міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс.

Алдынан шыққан жеңгелері мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Осылай қыз-келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл-қалжыңға төзуіне тура келеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып, әбден қызыққа батады.
19 наурыз 2019 ж. 1 972 0