Саз әлеміндегі жарық жұлдыздың 70жылдық мерейтойы
Сыр бойы, оны ішінде әнге , жырға құмар Жаңақорған өңірі танымал дара тұлғалардан кенде емес. Соның бірі – Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері композитор Бексұлтан Байкенжеев. Болмысы дара тұлғаның туғанына 70 жыл толуына орай Манап ауылында аудандық байқау ұйымдастырылып, сазгердің ұлы Әбсұлтан Байкенжеев төрағалық жасады.
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» - деп ұлы Абай атамыз ән мен жырдың құдыреттілігін қалай бейнелеген десеңізші. Сырдың топырағы мен шөңге, тікенегіне аяғын тілгілеп өскен Бексұлтан ән мен жырды Абай атасынан кем сүйген емес. Содан болар ол 450-ге жуық ән жазса, оның 80-нен астамы бұл күндері кең байтақ егеменді еліміздің ауыл кештерінде болсын сахна төрінде болсын асқақ сезіммен орындалып келеді. Осы игі дәстүр бүгін де Манап ауылында жалғасын тапты.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Лаура БИБАСАРОВА