№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша үздік жарияланымдарға арналған конкурс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша үздік жарияланымдарға арналған конкурс


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне және вайнерлерге, блогерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша үздік жарияланымдарға арналған конкурс жариялайды.

Байқау «Үздік интернет жарияланым», «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланым», «Үздік вайн» номинациялары бойынша өткізіледі.
Ережеге сәйкес, конкурсқа интернет-порталдардың редакциялары, республикалық және өңірлік БАҚ, блогерлер мен вайнерлер, жеке авторлар мен журналистер қатыса алады.
Сонымен қатар, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған мақалалар, вайналар, бейнематериалдар мен телеарна арқылы 2019 жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейінгі кезеңде көрсетілген хабарлар циклі қарастырылады.
Материалдарды қабылдау 2019 жылдың 10 тамызына дейін жүзеге асырылады. Материалдарды қабылдау мекенжайы:010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, 7 қабат, 705 кабинет, тел.: +7 /7172/ 909199, ұялы тел.: +77782882077, электронды пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru.
Әр номинация бойынша жүлделер ретінде ұсынылады: 1 орын – плазмалық теледидар, 2 орын – ноутбук, 3 орын – смартфон.
Сонымен қатар, номинациялардағы жеңімпаздар Агенттік Төрағасымен «галстуксіз» форматында кездесу мүмкіндігіне ие болады.
Әрбір номинация бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз!
06 мамыр 2019 ж. 1 054 0