№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметке үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тәртібі өзгерді

Мемлекеттік қызметке үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тәртібі өзгерді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрығымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Негізгі өзгерістерге тоқталар болсақ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тәртібі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Биылғы жылға дейін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланатын жалпы конкурстарға құжат тапсыру барысында, үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі конкурсқа қатысуға әсер етпейтін.
Ендігі кезекте, «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға арналған 13 тапсырмадан тұрады.
Ескеретін жайттардың бірі, тестілеурастық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50 пайызды құрайды және тесттерді орындау үшін 100 минут уақыт беріледі.
Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі бойынша растық деңгейі 50 пайыздан төмен болса, ол азамат тестілеуден өтпеді деп танылады. Тестілеуден өте алмаған үміткер жалпы конкурсқа қатыса алмайды.
Аталған тестілеуде белгіленген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлер бір айдан кейін ғана қайта тестілеуге қатыса алады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін адамдарға тестілеу операторының қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.

Еркебұлан Сарымбетов,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы.
25 қаңтар 2019 ж. 2 348 0