Жаңақорған ауданының полицейлері ескертеді: Жолда сақ болыңыз

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен болдырмау мақсатында, Жаңақорған ауданының тәртіп сақшылары күнделікті шұғыл шаралар атқаруда. Нәтижесінде түрлі құқық бұзушылық жасағандар анықталып, оларға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жол жүрісі ережесін елемей, жол апаттарын жасаған жүгенсіз жүргізушілер, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілер, төрт түлігін қараусыз жіберетін тұрғындар жауапқа тартылып, барша аудан тұрғындарына барынша түсіндірме жасалуда.
Құрметті жүргізушілер, кей кездері сіздің жолға шыққандағы жауапкершілігіңіздің жоқтығынан жазықсыз жандар қаза болуы әбден мүмкін. Сондықтан әрқашан ережені назарға алыңыз! Автокөлікке мас халде отырмаңыз, қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажеттігін ұмытпаңыз. Шындығында жүргізушілер үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайды.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК