«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы мақалалар байқауының ережесі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы мақалалар байқауы.
Ұйымдастырушы:
«Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры.
Қатысушылар:
БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар.
Мақсаты:
Облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң үстемдігін насихаттау.
Міндеті:
Байқауға қатысушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбында ой еңбегін дамыту, үздік мақала жеңімпаздарын анықтау.
Қойылатын талаптар:
- Мақала Microsoft Word бағдарламасында терілуі тиіс;
- Негізгі мәтін қарпі аrial, 2 беттен аспауы тиіс;
- Мәтін қарпінің мөлшері 14 шрифт;
- Жол аралық интервалы 1;
- Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесінің көрсетілуі;
- Мақала көшірме (плагиат) болмауы тиіс;
- Мақала қайтарылмайды.
Комиссия құрамы:
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері, филолог ғалымдар, БАҚ және үкіметтік емес ұйым мүшелері.
Комиссия өкілеттігі:
Комиссия мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың 22 қараша күні сағат 11.00-де жинақталған мақалалар арасынан жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздар қорытынды форумда марапатталады.
Жеңімпаздар:
Жеңімпаздарға (бас жүлде, I-орын, II-орын, III-орын) жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары беріледі (ақшалай марапаттар).
Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқауға қатысушы үміткерлер 2022 жылдың 22 қарашасына дейін өзі туралы толық ақпаратты және мақаласын төмендегі кестеге сәйкес sunkarbaeva83@mail.ru электронды поштасына жіберулері тиіс.
Қосымша ақпарат: 8 777 256-96-07 ватсап нөмері арқылы алуға болады.