№94 (8702) 28

28 қараша 2023 ж.

№93 (8701) 25

25 қараша 2023 ж.

№92 (8700) 21

21 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз

Интернет алаяқтықтың тым көбейіп кетуі қоғамдық резонанс тудырып отырғаны да белгілі. Қазақстанда бұл қылмыс түрінің ең көп таралғаны – интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осындай жолмен жасалған.
Фото

Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкерлері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар алғанда бірден банкке хабарласуға кеңес береді. Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған артық етпейді. Интерет алаяқтарынан сақ болумен қатар, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, жеке құжаттарыңыздың суретін ешкімге жібермеуге, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеулеріңізді сұраймыз.
12 шілде 2023 ж. 1 024 0