Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Хабарландыру

Казгидрометтің хабарлауы бойынша облыс көлемінде 2023 жылдың 09-16 қаңтар күндері аралығында ауа-райының -25 градусқа дейін күрт суытуы (тұман, жаңбыр аралас қар, көктайғақ, қатты бұрқасын) күтілуде.


Осыған орай Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұрайды:

1. Ауа райы қолайсыз күндері мүмкін болса автокөлікпен ұзақ жолға шықпауды (әсіресе түнгі уақытта);

2. Автокөлікпен ұзақ жолға шыққан жағдайда мүмкін болса балаларды өздеріңізбен бірге алып шықпауды және өздеріңізбен жылы киімдер мен азық-түліктер алуды;

3. Автокөлікпен ұзақ жолға шығар алдында автокөліктің ақаусыз екендігіне толық көз жеткізуді;

4. Елді-мекеннен шалғай жерлерде мал ұстайтын азаматтар уақытылы өздерінің қыстық отындарын, азық-түліктерін, малдарының жем-шөптерін түгелдеп, ауа райы қолайсыз күндері жолға шықпауды;

5. Мал іздеуге немесе аң, балық аулауға шығатын болсаңыз ұялы телефоныңыздың қуаты толықтығына көз жеткізуді және қай жаққа, кіммен, немен, қашан шығатыңыз туралы жақындарыңызға немесе туысқандарыңызға ескертіп кетуді;

Төтенше жағдайларға тап болсаңыз міндетті түрде «101» немесе «112» байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.
10 қаңтар 2023 ж. 858 0