» » Қыста ұзақ жол жүру қауіпті

Қыста ұзақ жол жүру қауіпті


Еліміздегі адам өміріне қауіпті келеңсіз жағдайлардың бірі ол ауа райының қолайсыздығы. «Жаман айт­пай жақсы жоқ», қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды. «Көк тайғақ» болған жағдайда жарақат алу, үсік алу, адам өлімі, адасу, тағы да басқа осындай жағдайлар жиілеуі мүмкін. Қыс мезгілінің қыңыр тосын мінезінде әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдары барлық аңшы, мал іздеушілер мен ұзақ жол жүрушілердің жадында жүргені артықтық етпейді.
– 2021 жылы қыз мезгілінде тауға шығып қар құрсауында қалған 6 азаматқа жедел іздестіру жұмыс­тарының нәтежесінде үйлеріне дін аман оралды. Сонынмен қатар жол бойындағы бұзылған, қар құрсауында қалған және жолдан шығып қалған  5 жеңіл автокөлік пен 11 жүк көлігіне көмек көрсетілді. Сондықтан мынадай қысқаша ережені сақтауымыз керек. Бірінші кезекте, автокөлігіңізді қысқы дөңгелектермен жабдықтаңыз, жеке көлігіңізбен облысаралық жолдарға жалғыз шықпаған жөн. Жолға шықпас бұрын автокөлігіңіздің техникалық жағдайына, жанармайының жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Азық-түлік пен темір тұлпарыңызда болуы қажет құралдар, дәрі-дәрмектер қобдишасын тиісті мөлшерде толықтырыңыз, – дейді жауапты сала мамандары.
Сондай-ақ, аң аулауға немесе мал іздеуге шығатын болсаңыз бірінші ұялы телефоныңыздың қуаты толықтығына көз жеткізіңіз деп ескертеді. Қай жаққа жол жүретініңізді де жақындарыңызға айта жүрген жөн. Қарлы боранда жолда қалып қойсаңыз үрейге бой алдырмаңыз. Автокөлікпен жолда қалсаңыз жылы оранып, жанармай үнемдеу үшін көлікті жиі жылытыңыз және автокөліктен жиі шығыңыз, себебі қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде шығатын улы газ өте улы.
Егерде төтенше жағдайларға тап болсаңыз «112» нөміріне телефон шалып тұрған жеріңді және қандай көмек қажеттігі жөнінде хабарлау қажет. 
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 желтоқсан 2021 ж. 365 0