№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

8700 адам вакцина алды

Жексенбі күні аудандық емханаға жол түсті. Вакцина егетін орында 8700-ші жаңақорғандық, білім саласының қызметкері Рахымжан Намазов деген азаматтың вакцина ектіріп шығып келе жатқанының үстінен түстім. Рахымжан №51 мектептің ағылшын тілі пәнінің ұстазы. Өзі отбасылы, 4 баласы бар. Өмірлік жары Фариза Нұрманова да сол білім ордасында ағылшын тілінен сабақ береді.

– Ең бірінші сәуір айының 29-шы жұлдызында бірінші компонентті алдым. Осы уақытқа дейін барлық ақпарат құралдарынан айтып та, жазып та жатыр ғой. Мамандардың сөзіне құлақ түрсек, егер халықтың кемі 70 пайызы вакцина алса, біздің бұл індетті жеңуде мүмкіндігіміз артады. Вакцина вирусты тоқтатудың басты әдісі деп санаймын. Ұжымдық иммунитетті сақтау – бұл жұқпалы ауруларға қарсы тұрақты күрес, өйткені вирустар иммундық реакциялардан қорғану үшін дамитынын мамандар дәлелдеуде. Сондықтан да, өзіміз үшін де, өзгелер үшін де бұл қадам өте маңызды. Сол себепті де, барлық аудан тұрғындарын вакцина алуға шақырамын, – дейді ол.
Бүгінгі таңда өзі жұмыс жасайтын №51 мектеп ұжымында 86 адам вакцина алып, 85 пайыз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып отыр.
COVID-19» инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы – вакцина қабылдау. Вакцина құрамындағы компоненттер иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, осылайша организм вируспен күресуді үйренеді. Дәрігерлердің айтуынша, вакцинаның бірінші компоненті коронавирустың 26 түріне қарсы тұрады. Ал, екіншісі – 5 түріне қорған болады. Яғни вакциналаудың толық курсынан өткенде вирустың 31 түріне қарсы иммунитет қалыптасады. Бізде «Спутник V», «Науаt-Vax» вакцина түрлері салынуда. Аудан бойынша жалпы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында 32 400 адамға екпе егу жоспарланса, одан 8700 тұрғынға вакцина егілген. Алдағы уақытта 25 710 адамға егу жоспарлануда.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
15 маусым 2021 ж. 981 0