№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ВАКЦИНА САЛУ ЖАЛҒАСУДА

ВАКЦИНА САЛУ ЖАЛҒАСУДА


Жаңақорған ауданына вакцинаның кезекті түрі келді. Бүгінгі таңда ауданымызда "Спутник V",  " "Hayat-Vax" вакцина түрлері бар.


«COVID-19» инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы - вакцина қабылдау. Вакцина құрамындағы компоненттер иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, осылайша организм вируспен күресуді үйренеді. Індеттің алдын алу үшін вакцина қабылдауға асығыңыз!!!
Вакцина салдырамын деушілердің назарына аудандық емханадағы егу кабинеттері сенбі және жексенбі күндері де жұмыс жасап жатқандығын жеткіземіз. Вакцина күнделікті кешкі сағат 18.00 - ге дейін салынады.
Келіңіздер, індеттің алдын алу үшін ерікті түрде тегін салынып жатқан вакцинаны қабылдаңыз.

Өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Аурухана әкімшілігі.
07 маусым 2021 ж. 876 0