Тұқым шаруашылығы назарына!
Сорт ауыстыру және сорт жаңарту ауыл шаруашылығын дамытудың бір бағыты ғана емес, сонымен қатар, тұқым шаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Осы тұста, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС - нің жаңадан шығарылған Сыр Сұлуы және Ай - Керім күріш сорты сорттық және егістік сортсынақтардан сүрінбей өтіп, «Ұлттық Зияткерлік меншік институты» РМК - ның селекциялық жетістікке патент беру туралы шешімі шықты. Қазіргі таңда институт қоймасында сатуға Сыр Сұлуы күрішінің элиталық тұқымынан 350 тонна, 1 - репродукциялық тұқымынан 250 тонна тұқымы бар. Жаңа сортты тек тұқым шаруашылықтары арқылы тез көбейтіп таратуға болады. Сондықтанда тұқым шаруашылықтары қазірден аталмыш сортты сатып алуға жұмыс жасауына болады.
⠀
Жаңақорған кент әкімдігі