№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Зияткерлік меншіктің мүмкіндігі

Зияткерлік меншіктің мүмкіндігі

"Жаңақорған тынысы" Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыру Әділет органдарымен тиісті деңгейде жүргізіліп келеді. Әлем елдерінде зияткерлік меншікті қорғау мәселесі жіті қадағаланады.

Басқармамен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мақсатында аудан бойынша контрафактілік өнімдердің өндірілуі оның заңсыз айналымын болдырмау бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытында бірлескен жұмыстар атқарылып келеді.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді. Зияткерлік меншік саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына  мыналар кіреді - «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу», «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу», «Тауар таңбасына куәлік беру», «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру», «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк беру», «Пайдалы модельге патент беру», «Өнертабысқа патент беру», «Селекциялық жетістікке патент беру».
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетіне қарасты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (ҰЗМИ) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитеті – патенттік ведомствоның сараптамалық функциясын іске асырушы ұйым болып табылады.
  Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен бекітілген жағдаймен негіздері бойынша қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап. Қызмет алушылар қажетті құжаттар тізбесі туралы ақпаратпен, өтініш нысаны және алымды төлеу үшін деректемелерімен  www.adilet.gov.kzМинистрлік сайтында таныса алады.

Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы Ә.Қожантаев
13 мамыр 2020 ж. 927 0