№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » 1 қыркүйектен бастап "Balapan" телеарнасынан бейнесабақтар көрсетіледі

1 қыркүйектен бастап "Balapan" телеарнасынан бейнесабақтар көрсетіледі

Еліміздегі карантин талаптарына байланысты 1 қыркүйек, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасында орта білім беру қашықтан оқыту жүйесінде жалғасады, - деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".


Білім және ғылым министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып, дүйсенбі-жұма 09:00-18:00 аралығында 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша бейнесабақтарды қазақ тілінде "Balapan" телеарнасы көрсетеді.
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы "Balapan" телеарнасы "Оtau TV" спутниктік операторы, "Аlma TV" кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді.  Сонымен қатар арна balapan.tv ресми сайты мен qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы, "Balapan"-ның YouTube-тегі ресми каналынан да онлайн көрсетіледі. "Android" және "iOS" платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market»
 сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. 
01 қыркүйек 2020 ж. 615 0