Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЖҰМЫС ТАБУДЫҢ ТЕТІГІ

ЖҰМЫС ТАБУДЫҢ ТЕТІГІ

Tengrinews.kz хабарлауы бойынша Астанада жұмыс табуға көмектесетін мобильді қосымша жасалды.
Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді тегін Smart Astana мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде астаналық жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды таңдау мүмкін болып отыр. Мобильді қосымша онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асырады. 
"Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, мобильді қосымшада ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Бұдан былай аталмыш қосымша арқылы елордадағы бос жұмыс орындарын табуға болады. Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста жұмыс істейді.  Өзекті деген бос жұмыс орындары мұнда да күнделікті жаңартылып тұрады", - деді әкімдіктегілер. 
Айта кетейік, Smart Astana қосымшасы Apple Store және Play Market-те қолжетімді. Осы уақытқа дейін қосымшаны 120 мың адам жүктеп алған.
22 шілде 2018 ж. 1 201 0