№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Шаруа қожалық иелерінің назарына!

Шаруа қожалық иелерінің назарына!


2020 жылғы 31 наурыз күні Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған жаңа іс-шаралар пакетін қабылдау туралы мәлімдеме жасады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қолданыстағы карантин жағдайында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің аса маңыздылығы атап өтілді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін дизель жанармайы литріне 165 теңгеге дейін немесе нарықтық бағадан 15%-ға арзандату тапсырылды, ол үшін 390 мың тоннаға жуық жеңілдетілген жанармай бөлінуде. Дизель отынын жеңілдікті баға бойынша сату көктемгі егіс жұмыстарын өткізу кезінде мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып табылады.
Бұған дейін аудан прокурорының өкімімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында мобильді топ құрылған. Осыған орай, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге (жеңілдетілген сұйық отынды тұтынушалар) кедергілер, лауазымды тұлғалар мен жеңілдетілген сұйық отынды жеткізуші операторлар тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда Жаңақорған аудандық прокуратурасына жүгінуге болатынын хабарлаймыз.
Сенім телефондары: 22-1-16, 22-0-13
17 сәуір 2020 ж. 791 0