№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Көмегіміз – көпшілікке

Көмегіміз – көпшілікке

  – Біздің мекеме 2018 жылдан бастап тұрғындардан тұрмыстық зат қалдықтарын қабылдап, оны сұрыптап, қайта өңдеу жұмыстарын атқаруда. Айына 20 тонна жүкті өз күшімізбен жинап, өндіріске айналымға ендіруде Шымкент қаласындағы зауытпен келісім-шартқа отырдық. Осы орайда аудан жұртшылығына жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын бастадық.
   Ел арасында керітартпа пікірлер де кездесуде. «Қоқысты өзім шығарып тастаймын. Ешкімнің көмегінің қажеті жоқ» дейтіндер бар. Бірақ мұның тиімсіз екеніне көбінің көзі жетті. Қоқысты үй сыртынан бөлек алаңқайға болсын төгуге рұқсат етілмейді. Қоқыс тастайтын арнайы полигон жасау мәселесін аудан басшылығы алдына қойып отырмыз. Шешімін тауып қалар. Тұрғындар мына нәрсені де естен шығармаса дейміз. Үйден шыққан қоқысты үшке бөліп, пластик материалды бір бөлек, қағазды бір бөлек, әйнекті бір бөлек бөліп салса оны бізге таразыға тартып, сатып алуға да, сұрыптауға да тиімді болар еді. Бұл жерде мал қиы, күл, құрылыс материалдары: кесек, бетон, кірпіш сынды заттар қабылданбайтынын ескерткім келеді.
Нұрлан Садуақасов,
«Нұршах» жеке кәсіпорнының басшысы
16 қараша 2019 ж. 1 257 0