» » ЫНТАЛЫ КӘСІПКЕРГЕ МҰЗДАТҚЫШ САТЫП АЛЫП БЕРДІ

ЫНТАЛЫ КӘСІПКЕРГЕ МҰЗДАТҚЫШ САТЫП АЛЫП БЕРДІ


«ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ» еріктілер тобының қайырымдылық бағыттағы  бір жобасы – «QARMAQ» деп аталады. Яғни, шығыстың «қарны ашқан адамға балық бер ме, қармақ бер» деген нақылынан туындаған жоба. Бұл жоба аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелерін кәсіпке баулу. Қолынан қандай іс келеді? Неге бейімі бар? Міне, осыған әлеуметтік сауалнама жүргізіп, кондитерлік өнімдер пісіруге қабілетті болса, әуелі қысқа тәжірибеден өткізіп, қажетті құрал-жабдығын алып беруге ұйытқы болу. Не тігінге қабілеті болса, тігін машинасын сатып алып беріп, келешегіне бұйым боларлық бизнеске баулу. Аяғынан тұрып кеткенше, демеу болып, өз балығын өзі аулап жеуіне мүмкіндік жасау

Бүгін "Qamqor"  әлеуметтік дүкеніне жәрдем сұрап келгенжаңақорғандық  Жанат Омароваға бизнесін қолдау мақсатында көмек  көрсетілді. "ЖЖЖ"  ерікті жастарының "Qarmaq" жобасы аясында өтініш иесіне  мұздатқыш сатып әперілді.  Үй жағдайында тұшпара  істеп сататын Ж.Омарова  аптап ыстықта дайындалған тұшпараны сақтау мақсатында мұздатқышға мұқтаж екенін айтқан.
                                              Әбдісамат ӘБДІШ

03 шілде 2019 ж. 915 0