Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Ғибрат










Бір кісі Құранды жаттай алмаса да, оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы:
- Əке, не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта-қайта оқи бересіз?- деп сұрапты. Сонда əкесі:
- Ұлым, көмір таситын себетті алып, су алып кел,- деді. Ұлы таң қалып, " бұл мүмкін емес қой" деді.
- Амалдап болса да су алып кел,- деді əкесі.
Бала арықтан су толтырып алды да, жүгіргенше əкесінің алдына келді, бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су əкеле алмаған ұлы:
- Əке, айттым ғой, мұның сірə амалы жоқ. Себет суды ұстап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді, -деді.
Əкесі:
- Ия ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадыңба? - деп сұрады.
- Ия əке, себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатын, су құя бергеннен тазара бастады, - деп жауап қайырды ұл.
- Міне көрдіңбе балам?! Дүниенің тіршілігі деп жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран - су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалық, тұнықтық қасиеттермен безендіреді, - деген екен.
25 маусым 2019 ж. 1 286 0