№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкенің хаты

Әкенің хаты



Бір адамның жалғыз қызы болыпты, ал əйелі ауыр дерттен қаза тауыпты. 
Қызының мінезі өте дөрекі екен.Кеш батып, күн ұясына батса болды түнгі клубтан шықпайды екен. Мектеп бітірген соң өзге оқу орнына түсуден бас тартыпты. Əкесі тым жұмыс басты еді, сондықтан оның бұл жүрісіне онша көңіл бөлуге уақыты болмайтын. Бірақ əкесі қызын өмірінен де артық жақсы көретін. Бір күні əкесі қорқынышты əрі түсініксіз түс көреді. Ол қызынан айырылып қалатынын іштей сезеді. Сосын қолына қалам мен таза бет алып қызына хат жазады да оны əрдайым өзімен бірге алып жүреді. Солай күндер өте берді, сондай кездердің бірінде əкесі маңызды жиналысқа бара жатады қалтасында əлгі хат.Рөлде өзі отырған болатын. Оның ешқашан жеке жүргізушісі болмаған. Сол хатты қалтасынан алам деп қарсы келе жатқан көлікті байқамай жол апатына түседі. Бұл хабар көп ұзамай қызына да жетеді. Қызы ауруханаға келсе əкесіне енді ота жасалайын деп жатыр екен. Қызын көрген əкесі 
-қызым келдің бе , сенімен қоштаспай жазыс болып кетем бе деп қорқып едім 
- ол не дегеніңіз əке , сіз əлі ұзақ өмір сүресіз. Əле мен сізсіз қалай өмір сүремін, əке мені тастамаңызшы. Мен сізді қатты жақсы көремін. 
Əкесі күлімдеді де (бұл оның ең соңғы жымиысы еді)менде қызым, жалғызым деді. Қызының қолына бүктелген ақ парақты ұстатты да , мен анаңның жанына баруым керек, қызым жылама, деп оның көз жасын сүртті. 
-жоқ, əке, əке тастамашы мені өтінем......... əкетай........ əкешім 
Ұзақ уақыттан соң дәрігер шықты 
Қыз орнынан тез тұрып əкесінің халін сұрай бастады. Ал дəрігер ұзақ уақыт сөйлемей тұрды. 
-айтсайызшы неге үндемей тұрсыз, не болды, тек əкем аман деңізші, өтінем сізден. Ота сәтті өтті деңізші . Неге үндемей тұрсыз , бірдеңе деңізші дəрігер... 
- Өкінішті....... 
Дәрігердің осы сөзі оның өмірінің күл паршасын шығарды. Бұрынғы кездері оның көз алдынан біртіндеп өтіп жатты. Ол тіпті хат туралы ұмытып кеткен еді . Өз өзіне, əкесінің енді жоқ екендігіне сене алмады. 
Үйіне барып хатты қолына алып ашып оқи бастады. 
Қызым, бәлкім бұл саған жазған ең соңғы хатым болар. 
Өткенге көз жүгіртсем біз көптен бері бір дастархан басында ас ішпеппіз. Тіпті əкелі қыз боп дұрыс əңгіме айтпағалы да көп болыпты. Сен басқа жерде мен жұмыста. Сол жұмыстың кесірінен мен саған жөнді көңіл бөле алмадым. Саған ненің дұрыс ненің бұрыс екенін айтпадым, түсіндірмедім. Бəрі менің күнəм. Бірақ мен жұмысты сен тоқ жүрсін деп, сені өзгеге жалтақтамасын деп істедім. Оным дұрыс болмапты. Қызым егер мен саған лайық əке бола алмасам мені кешір. Мен сені өз өмірімнен де артық жақсы көрем, сенің болашақта менің жолымды қуып, менің абыройымды аяққа таптамайтыныңа сенемін. Сені тек бір Аллаға ғана сеніп тапсырдым жалғызым, мəңгілікке қош бол. 
Қыз шыдай алмай жылап жіберді. Түзелуім керек деп шешті. Енді ол өмірге басқаша көзқараспен қарап мейірімді боламын деп өз-өзіне сөз берді. Алда оны жарқын болашақ пен əке алдындағы парыз күтіп тұрды. 

Əкелеріміз аман болсын. Себебі əкелер қыздарына еш күмәнсіз сене алатын және өмірінен артық көретін жалғыз ер адамдар.
22 мамыр 2019 ж. 1 153 0