№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күн сайын саған, Отаным, жақсылық тілеп жатамын

Күн сайын саған, Отаным, жақсылық тілеп жатамын


Қазақ халқы – табиғатында тілеуқор халық. Өз басына нені қаласа өзгелерге де соны тілейді. Ұлттық мінез-құлқының бұл да бір қыры.
Талайлы тағдырлаға тіреу болып, кең қолтығының астынан орын бере білген бауырмал елде адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен ХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Елбасының: «Сталин режимі жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді. Сол уақыттарда бұл далада өздері мұқтаж бола тұра, оларды үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Әрқашанда көз алдыма олардың бөлменің бір бұрышына тығылып, қорқып тұрғаны келе қалады. Киімдері жыртық, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады. Өмір бойы алғыс айтып өтті» деген еді. Сондықтан арнайы қабылданған «Алғыс айту» күні қаншама жүректі орнынан қозғап, сәулелі тілек салтанат құрады десеңізші.
Айтулы күнді аудан орталғындағы №3 мектеп-лицейі шәкірттері шырайлы мерекеге айналдырды. Білімгерлер үшін туған үйден бір де кем емес қамқорлыққа бөленіп, жатып-тұрып жүрген қарашаңырақтары ерекше ыстық, ерекше қымбат. Татулық тұғыры да өзге оқу ошақтарымен салыстырғанда тереңге арна тартқан. Мектептің әлеуметтік педагогы Арай Парманқұлованың ұйымдастыруымен өткен «Шын жүректен мың алғыс» атты мерекелік кеш осындай ахуалдың ажарын айқындап берді. Тәлімгердің көп ізденісі, ұлағатты жоба аясында ұлы ойшылдардың қанатты сөздері мен халық даналығын назарға ұсынуы кеш мазмұндылығын байыта түсті.
Кеште жоғары сынып түлектері өздерінің ұстаздары мен тәрбиеші, аспаз, тазалықшы аға-апаларына риясыз алғыстарын арнау өлеңдерімен жеткізді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» дегендей, жиналған көрерменнің көңіліне шуақ шашқан кішкентай өнерпаз Сунатулла Әділетали, Аманбай Диана қошеметті иеленсе, жоғары сынып оқушылары Тұрғанбек Назым, Тасболатова Лаура, Мұсабек Жазира, Қожакелді Нұрсұлтанның арнаулары, Әмзеев Жәңгірхан, Сабырханова Сымбаттың орындауындағы «Ризашылық» және Аида Абсаттардың орындауында «Қос бәйтерек» әні тыңдаушыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты кеш барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғазиза Бегентаева мектеп басшылығы атынан сөз алып педагогикалық ұжымға зор еңбектері үшін алғыс айтты. Келген ата-аналарға құрметін білдірді. Жас өркеннің оқу-тәрбие жұмысына қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқор болып жүрген демеушілерге жарқын лебізін арнады. Шара «Мейірім мен ізгілік» атты тренингке жалғасты.
Алғыс айтудың өзі кішіпейілдіктің көрінісі. Көктем мезгілінің алғашқы күнімен орайласа келген бұл күні үлкен де, кіші де бір-бірінен бейілін аямады, жеткіншектер ақ көңілден алғыстарын жаудырды: Жаратушы Иеге жоқтан бар еткені үшін. Ардақты анаға жарық өмір сыйлағаны үшін. Асқар таудай әкеге берік қамал болғаны үшін. Достарға дархан көңіл пейілі үшін. Аспанға – зеңгір көктем мейірі үшін.
Жастың тілегі – қабыл деп жатамыз. Береке түбі – байланған білекте. Бір шаңырақ астында бір тілекте, бірлігі жарасқан білімгерлерді өнер атты тәрбие қайнарымен сусындатқан мектеп ұжымына егеменді ел келешегі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін деп біз де өз атымыздан алғысымызды айттық.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
03 наурыз 2018 ж. 1 754 0