АФРИКАДА АУЫЗ АШАР БЕРГЕН ҚАЗАҚ
Қайрат Құрманбаевтың сөзінше, Африка құрлығындағы көпшілік елдер дамымаған, енді бірі – дамушы мемлекеттер. Кезінде ағылшындардың, француздардың отарында болғандықтан халқының жағдайы нашар елдер өте көп екен.
Сөйтіп, сол жылы күнделікті 300-500 адамға ас беріп, Рамазан айы бойы үзбей сондағы мұсылмандарға ауыз аштырған. Онда бір адамға бір доллар толық жеткілікті екен. Сөйтіп, бұл үрдіс келесі жылы да жалғасын тауыпты.
Содан кейін сондағы көп аймақтарда су тапшылығы бар екені айтылды. Онда 1000 долларға бір құдық қазу мүмкіндігі бар екен. Бұл іске де қаржы қосқысы келетіндер елімізден табылыпты.
Оның сөзінше, сол шараның фотосы мен видеосы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланып, көптеген адамдар қызығушылық танытып, ауызашарға атсалыса бастапты."Өзім Солтүстік Африкада оқыдым, бес жыл өмір сүрдім, көптеген африкалықтармен дос болдым. Ондағы жағдаймен жақсы таныспын. Әлі де Бенинде, Танзанияда, Сомалиде, тағы да басқа бірқатар елдердегі африкалық достарыммен жақсы байланыстамын. Осыдан үш жыл бұрын сол елдердегі әлеуметтік, тұрмыстық жағдайдың төмендігіне байланысты өзімнің, кейбір бауырларымның, туыстарымның атынан қаржы жіберіп, ең алғаш Бенин елінің мұсылмандар көп шоғырланған Параку аймағында 200-300 адамға ауызашар берген болатынбыз", - дейді Қайрат Құрманбаев.
Сөйтіп, сол жылы күнделікті 300-500 адамға ас беріп, Рамазан айы бойы үзбей сондағы мұсылмандарға ауыз аштырған. Онда бір адамға бір доллар толық жеткілікті екен. Сөйтіп, бұл үрдіс келесі жылы да жалғасын тауыпты.
Содан кейін сондағы көп аймақтарда су тапшылығы бар екені айтылды. Онда 1000 долларға бір құдық қазу мүмкіндігі бар екен. Бұл іске де қаржы қосқысы келетіндер елімізден табылыпты.
Олар осы іс-шараны заңдастыру мақсатында қайырымдылық қорын ашқан. Бенинде күнде үзбей 500-1000 адамға дейін ауызашар беріп жүргендеріне төрт жыл болыпты."Олардың ақшасын да қоса аудардық. Сөйтіп, сол жылдан бері құдық қазу ісін жолға қойдық. Бүгінге дейін онда 30-40 шақты құдық қазылды. Негізі бұл туралы көп жарнама жасамаймын. Себебі кей адамдар мұны дұрыс түсінбейді. "Өзімізде де жағдайы төмен адамдар бар емес пе?" – деп қарсы шыққандар да болды. Мен он екі ай бойы Африкаға қаржы жібермеймін. Тек Рамазан айында ғана ауызашар мен құдық қазуға қаржы аударылады. Әр істің басы-қасында өте сенімді, ешуақытта ешкімнің ала жібін аттамайтын достарым жүреді", - деді ол.
"Аш адамның аузын аштырып, шөліркеген жанға су ұсыну – сауапты істердің қатарына жатады. Игі шараны қолға алып, сауапты іс жасаумен айналысып жүрген осындай азаматтарымыз арамызда көп болса екен", - деп Қайрат Құрманбаев сөзін түйіндеді.