№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр


Жақында Жаңарық ауылындағы №167 орта мектебінде «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» атты онкүндігі ұйымдастырылды. Өз кезегінде оқушылар шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі 
Мұқағали Мақатаевтың туылған жері  мен балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгендігі жөнінде мол мәлімет алды. Ақиық ақын алғашқы өлеңді он-он бір жасынан жаза бастағанын хабардар болған шәкірттердің Мұқағали әлемін атнуға деген ынта ықыластары арта түсті.  Оның ауыл орта мектебін бітіргеннен кейін, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болғанын және  кейіннен аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» жорналында поэзия бөлімін басқарғанын білді. Расында Мұқағали атамыз келер ұрпағына өшпестей мұра қалдырған. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып көрсеңде өмірмен өрнектеліп, өмірдің сан қырлы жақтарын бейнелеген. Ақын жүз жылда емес, мың жылда бір туады демекші артында өкше басар ұл-қыздары да өсіп келеді. Жаңарықтық жалындаған жас ақынжанды шәкірттерде онкүндік іс-шара аясында Мұқағалитану дәрісінен мол мағұлмат алып, ақынның өлең-жырларымен кеңінен танысты.
Инкар БАЗАРБАЕВА, №167 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңарық ауылы
02 наурыз 2018 ж. 3 325 0